Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 68 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
68-бап. Жаза қолдану тәртiбi

Ескерту. 68-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Уәкілетті басшы қызметтiк тергеп-тексеру материалдары мен тәртiптiк комиссияның ұсыныстары негiзiнде жаза қолдану немесе қолданбау туралы тиiстi шешiм қабылдайды. 

2. Қызметтік тексерудің нәтижелері бойынша уәкілетті басшы қызметтік тексеру жүргізуге тағайындалған лауазымды уәкілетті тұлға дайындауға жауапты болып саналатын бұйрық шығару жолымен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға міндетті. 

3. Теріс қылық жасаған қызметкерге тәртіптік жаза қолдану (кейінге қалдыруды күтпейтін жағдайларды қоспағанда) қызметтік тәртіпті бұзудың мән-жайын жақсы анықтау үшін теріс қылық анықталған сәттен бастап, кемінде үш тәулік өткеннен кейін жүргізіледі. 

4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан кешіктірілмей және оның жасалған күнінен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады. 

Уәкілетті басшыға теріс қылықтың жасалғаны туралы белгілі болған күн теріс қылық анықталған күн болып есептеледі. 

Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, бiрақ қызметкердің әрекеттерiнде терiс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады. 

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды. 

Жаза қолдану мерзімінің өтуі мынадай: 

1) қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіз болған; 

2) қызметкер еңбек демалысында немесе іссапарда болған; 

3) қызметкер даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған; 

4) қызметкер өзінің теріс қылық жасағаны туралы актілерге сот тәртібімен шағым жасаған жағдайларда тоқтатыла тұрады. 

5. Қызметтегі, кəсіби-қызметтік даярлықты жəне тəрбие процесін ұйымдастырудағы олқылықтары үшін әскери, арнаулы оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітіргеннен кейін қызмет өткеру үшін келген қызметкерлерге тəртіптік жауаптылық шараларын лауазымға кіріскеннен кейін кемінде алты ай өткен соң қолдануға рұқсат етіледі. 

6. Бір-біріне бағынысты емес қызметкерлер жеке міндеттерді бірлесіп атқарған кезде, олардың қызметтік өзара қарым-қатынастары уәкілетті басшымен айқындалмаған жағдайда олардың лауазымы бойынша үлкені, ал тең лауазымдар кезінде әскери атағы бойынша үлкені бастық болып табылады және оған атқарып отырған лауазымы бойынша берілген тәртіптік құқықтарды пайдаланады. 

Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...66 67 68 69 70 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться