Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 85 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
85-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметкермен жасасқан әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттар олар жасаған мерзім ішінде қолданылады. 

2. Алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. 2011 жылғы 30 қарашаға дейін "подполковник" әскери атағы берілген қызметкерлерге аталған әскери немесе арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі бес жыл болып белгіленеді. 

4. Осы Заңның қабылдануына байланысты әскери қызметтен арнаулы мемлекеттік органдарға ауыстырылған және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен әскери қызметте тұрудың шекті жасы өзгертілген қызметкерлер мынадай шекті жастарға жеткенде қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы: 

1) подполковникке дейін қоса алғанда – қырық бес жас; 

2) полковниктерге – елу үш жас; 

3) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген полковниктерге – елу жас; 

4) генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға – елу сегіз жас; 

5) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға – елу бес жас; 

6) генерал-полковниктерге – алпыс жас. 

4-1. "Аға прапорщик", "прапорщик", "старшина", "үшінші сыныпты сержант", "екінші сыныпты сержант", "бірінші сыныпты сержант", "штаб-сержант" не "шебер-сержант" әскери атақтары берілген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті осы Заңда сержанттар құрамы үшін көзделген тәртіппен және шарттармен өткереді. Бұл ретте олардың арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте болуының шекті жасы, қоса алғанда қырық жеті жасқа дейінгі жасты құрайды. 

4-2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін подполковник арнаулы атағы берілген қызметкерлер шекті жасқа – қырық жеті жасқа толғанда қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы. 

5. Қызметкерлер (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында әскери қызметшілер үшін көзделген тәртіппен 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 

6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қызметтік тұрғын жаймен не қызметтік тұрғын жайға теңестірілген тұрғын жаймен қамтамасыз етілген қызметкерлер осы тұрғын үйде тұру құқығын, сондай-ақ оны "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңында әскери қызметшілер үшін көзделген жекешелендіру құқығын сақтайды. 

Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
86-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 

Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Статья 1 ...83 84 85 86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться