Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) алдын ала арнайы баж – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импорты кезінде қолданылатын баж, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірген немесе келтіру қатерін төндіретін өскен импорттың болуы туралы сол тауарға қатысты алдын ала қорытынды дайындайды; 

2) алдын ала демпингке қарсы баж – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импорты кезінде қолданылатын баж, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауының болуы туралы сол тауарға қатысты алдын ала қорытынды дайындайды; 

3) алдын ала өтемақы бажы – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импорты кезінде қолданылатын баж, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында субсидияланатын импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауының болуы туралы сол тауарға қатысты алдын ала қорытынды дайындайды; 

4) алдыңғы кезең – қажетті статистикалық деректері бар, тергеп-тексеруді жүргізу туралы өтініш берілген күннің тікелей алдындағы күнтізбелік үш жыл; 

5) арнайы баж – арнайы қорғау шарасын енгізген кезде қолданылатын және кедендік әкелу бажына қарамастан мүше мемлекеттердің кеден органдары алатын баж; 

6) арнайы квота – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импортының белгілі бір көлемін белгілеу, оның шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар арнайы баж төленбей, ал одан асатын болса, арнайы баж төленіп жеткізіледі; 

7) арнайы қорғау шарасы – импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара; 

8) байланысты тұлғалар – мынадай өлшемшарттардың біреуіне немесе бірнешеуіне сай келетін тұлғалар: 

осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады; 

іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, пайда алу мақсатында іс-қимыл жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен шығындарды бірлесіп көтереді; 

бір ұйымның жұмыс берушілері мен жұмыскерлері болып табылады; 

қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп пайызының немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе номиналды ұстаушысы болып табылады; 

тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды; 

екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды; 

екі тұлға бірігіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды; 

неке қатынастарында, туыстық немесе жекжаттық, бала (қыз) асырап алушы немесе асырап алынған бала (қыз), сондай-ақ қамқоршылық және қамқорлыққа алынушы қатынастарда болады; 

9) демпингке қарсы баж – демпингке қарсы шара енгізілген кезде қолданылатын және кедендік әкелу бажына қарамастан мүше мемлекеттердің кеден органдары алатын баж; 

10) демпингке қарсы шара – демпингке қарсы бажды, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы; 

11) демпингтiк маржа – тауардың экспорттық бағасын шегергенде мұндай тауардың экспорттық бағасына оның қалыпты құнының пайызбен көрсетілген қатынасы не тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолютті көрсеткіштермен көрсетілген айырма; 

12) жанама бақылау – жеке немесе заңды тұлға арқылы не араларында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жеке немесе заңды тұлғаның айқындау мүмкіндігі; 

13) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – өз қызметін "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" (бұдан әрі – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт) 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес көзделген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын, ұлттық органнан жоғары тұратын орган; 

14) импорттық квота – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың санына және (немесе) құнына қатысты оның импортын шектеу; 

15) құпия ақпарат – мемлекеттік құпияларды қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын қолжетімділігі шектеулі ақпарат; 

16) мүше мемлекеттер – Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың тараптары болып табылатын мемлекеттер; 

17) мүше мемлекеттердің экономика саласы – мүше мемлекеттерде ұқсас тауардың (демпингке қарсы және өтемақылық тергеп-тексеру мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау тергеп-тексеруінің мақсаттары үшін) барлық өндірушілері не олардың ішінде мүше мемлекеттердегі өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі тиісінше ұқсас тауардың не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың едәуір бөлігін, бірақ кемінде жиырма бес пайызын құрайтын өндірушілер; 

18) мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіру қатері – мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған болмай қоймайтындығы; 

19) мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залал – дәлелдемелермен расталған және мүше мемлекеттердің экономика саласының өндірістік, сауда және қаржы жағдайларының едәуір нашарлауынан көрінетін және әдетте, ол алдыңғы кезең ішінде айқындалатын мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірумен байланысты жағдайдың жалпы нашарлауы; 

20) мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залал – мүше мемлекеттердің экономика саласы жағдайының дәлелдемелермен расталған нашарлауы және атап айтқанда, ол мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндiрiсi көлемiнiң және мүше мемлекеттердiң нарығында оны өткiзу көлемiнiң қысқаруынан, тауар өндiрiсi рентабельдiлiгiнiң төмендеуiнен, сондай-ақ мүше мемлекеттер экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейiне және мүше мемлекеттер экономикасының осы саласына салынатын инвестициялардың деңгейiне жағымсыз әсер етуінен көрінуі мүмкін; 

21) мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатері – мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған болмай қоймайтындығы; 

22) өтемақы бажы – өтемақы шарасы енгізілген кезде қолданылатын және кедендік әкелу бажына қарамастан мүше мемлекеттердің кеден органдары алатын баж; 

23) өтемақы шарасы – өтемақы бажын (оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын) енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді мақұлдау арқылы Комиссияның шешiмi бойынша қолданылатын, мүше мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының әсер етуін бейтараптандыру жөніндегі шара; 

24) сауданың әдеттегі барысы – экспорттаушы үшінші елдің нарығында ұқсас тауарды өндірістің орташа өлшемді шығасыларын және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығасыларын негізге ала отырып айқындалатын орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша сатып алу-сату; 

25) субсидияланатын импорт – өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорты; 

26) субсидиялаушы орган – экспорттаушы үшінші елдің мемлекеттік органы не жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге сәйкес немесе нақты мән-жағдайларды негізге ала отырып, тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға; 

27) сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

28) тергеп-тексеру – арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдында тергеп-тексеруді жүргізетін органның жүзеге асыратын рәсімі; 

29) тергеп-тексеруді жүргізетін орган – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық тергеп-тексерулерді жүргізуге жауапты деп Комиссия айқындаған орган; 

30) төлеушілер – "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған тұлғалар; 

31) тікелей бақылау – жеке немесе заңды тұлғаның заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді: 

оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру; 

заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу; 

заңды тұлғаның жарғылық капиталын құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының бес пайызынан астамына иелік ету сияқты бір немесе бірнеше іс-қимылды жасау арқылы айқындау мүмкіндігі; 

32) тікелей бәсекелес тауар – өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы оны ауыстыратындай немесе ауыстыруға дайын болатындай басқа да негізгі қасиеттері бойынша арнайы қорғау тергеп-тексеруінің (қайта тергеп-тексерудің) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауармен салыстырылатын тауар; 

33) ұқсас тауар – тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектiсi болып табылатын немесе болуы мүмкiн тауарға толығымен сәйкес келетiн тауар не мұндай тауар болмағанда, тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектiсi болып табылатын немесе болуы мүмкiн тауардың сипаттамаларына жақын сипаттамалары бар басқа тауар; 

34) үшінші елдер – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын елдер және (немесе) елдер бірлестіктері, сондай-ақ Комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына енгізілген аумақтар; 

35) экспорттық баға – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың импорты кезінде төленген немесе төленуге тиіс баға. 

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 2 3 ...45

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться