Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
10-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдану

1. Арнайы қорғау шарасы Комиссияның шешімі бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін болғызбау немесе жою үшін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің экономика саласын өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады. 

2. Комиссия арнайы қорғау шараларын енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның арнайы бажды, импорттық немесе арнайы квотаны енгізу туралы дайындаған ұсынысын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі. 

3. Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квота белгiлеу арқылы қолданылатын жағдайда, мүше мемлекеттердiң экономика саласына келтірілген елеулi залалды немесе оны келтiру қатерін жою үшiн импорттық квотаның аз мөлшерiн белгiлеу қажеттiлігi жағдайларын қоспағанда, мұндай импорттық квотаның мөлшері алдыңғы кезеңдегі тергеп-тексеру объектiсi болып табылатын тауар импортының (сандық немесе құндық мәнде) орташа жылдық көлемiнен төмен болмауға тиiс. 

4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды беруді жүзеге асыруға мүдделі экспорттаушы үшінші елдер арасында импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасында импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу үшін мүмкіндік беріледі. 

5. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген консультацияларды жүргізу мүмкін болмайтын немесе оларды өткізу барысында мұндай бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайларда, импорттық квота сандық немесе құндық мәніндегі осындай тауар импортының жалпы көлемі негізінде алдыңғы кезең ішінде осы экспорттаушы үшінші елдерден осы тауарды импорттау кезінде қалыптасқан шамада тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспорттауға мүдделі экспорттаушы үшінші елдер арасында бөлінеді. 

Бұл ретте осы тауар саудасының әдеттегі барысына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін кез келген ерекше факторлар ескеріледі. 

6. Егер жекелеген экспорттаушы үшінші елдерден тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының пайыздық қатынастағы өсімі тергеп-тексеруді жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы үш жылда осындай тауар импортының жалпы өсіміне қатысы бойынша пропорционалды емес мөлшерде ұлғайған жағдайда, Комиссия осындай экспорттаушы үшінші елдерден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауардың импорты өсімінің абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін есепке ала отырып, мұндай экспорттаушы үшінші елдер арасында импорттық квотаны бөле алады. 

Осы тармақтың ережелері тергеп-тексеруді жүргізетін орган мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың бар екендігін анықтаған жағдайда ғана қолданылады. 

7. Комиссияның шешімдерінде көзделген жағдайларда импорттық квота көлемдерін бөлуді уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар өз құзыреттері шегінде импорттық квотаны белгілеу туралы шешім қабылданған тауардың түріне байланысты жүзеге асырады. 

8. Арнайы қорғау шарасын импорттық квота түрінде қолдану тәртібі Комиссияның шешімімен белгіленеді. Егер мұндай шешім импорттың лизенциялануын көздеген жағдайда, лицензиялар Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында импортына сандық шектеулер қолданылатын тауарлар үшін белгіленген тәртіппен беріледі. 

9. Егер арнайы қорғау шарасы арнайы квота арқылы қолданылатын жағдайда, мұндай квотаның мөлшерін айқындау, оны бөлу және қолдану осы Заңның 1 – 8-тармақтарында импорттық квота үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...45

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться