Ст. 1 Стандарттау туралы 2018 жылғы 5 қазандағы № 183-VІ
Стандарттау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әскери ұлттық стандарт – белгілі бір және арнайы пайдалану мақсатында әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, оның ішінде мемлекеттік құпияларға жатқызылатын және таратылуы шектеулі мәліметтерді қамтитын өнімдерге, процестер мен көрсетілетін қызметтерге арналған стандарттау жөніндегі құжат;
2) дайындаушы – өткізу үшін өнім өндіретін жеке немесе заңды тұлға;
3) көрсетілетін қызмет – жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінің материалдық мәні болмайтын қызмет;
4) мемлекетаралық стандарт – стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған өңірлік стандарт;
5) негізге алынатын ұлттық стандарт – ұлттық стандарттау жүйесінің жалпы ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелерін белгілейтін және қолданылу саласы кең немесе белгілі бір стандарттау саласы үшін жалпы ережелерді қамтитын стандарттау жөніндегі құжат;
6) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры – Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда), сондай-ақ бұлар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық ресурс;
7) өзара байланысты стандарттар – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық стандарттар және (немесе) мемлекетаралық стандарттар;
8) өнім – қызметтің материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған нәтижесі;
9) өнiмнiң өмiрлiк циклi – өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану немесе тұтыну, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;
10) өңiрлiк стандарт – стандарттау жөніндегі өңiрлiк ұйым қабылдаған стандарттау жөніндегі құжат;
11) процесс – өнiмнiң өмiрлiк циклі кезеңдерін қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және ретімен орындалатын iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
12) ресми басылым – нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры басып шығаратын, ұлттық стандарттау белгісі салынған стандарттау жөніндегі құжаттың (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) баспа не электрондық мәтіні;
13) стандарттардың ақпараттық көрсеткіші – стандарттау жөніндегі қабылданған құжаттар, оларға өзгерістер туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды қолданысқа енгізу мерзімдерін және қосымша ақпаратты қамтитын мерзімділікпен басып шығарылатын көрсеткіш;
14) стандарттау – нақты қойылып отырған және әлеуетті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге және стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
15) стандарттау жөнiндегi құжат – стандарттау саласындағы қызметтiң алуан түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды, қағидаттарды белгiлейтiн құжат;
16) стандарттау жөніндегі құжаттарды жаңартып отыру – стандарттау жөніндегі құжаттарды оларға белгіленген тәртіппен қабылданған өзгерістерді, олардың қолданылу мерзімдері, қайта қарау туралы, шектеу немесе күшін жою туралы ақпаратты енгізу жолымен жаңартып отыратын күйде ұстау процесі;
17) стандарттау жөніндегі құжаттардың каталогы – ұлттық, мемлекетаралық стандарттар және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық ресурс;
18) стандарттау жөніндегі өңiрлiк ұйым – қызметiне қатысуға бiр географиялық немесе экономикалық өңір үшін ашық стандарттау жөнiндегi ұйым;
19) стандарттау жөніндегі техникалық комитет – стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыру және бекітіп берілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша ұлттық стандарттау жүйесін құруға қатысу үшін экономика салаларында ерікті негізде құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
20) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің базалық ұйымы – базасында стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылған және жұмыс істейтін ұйым;
21) стандарттау жөніндегі техникалық сарапшы – стандарттау саласындағы қызметке қатысатын, стандарттау объектісіне қатысты арнаулы білімі бар және осы Заңда белгіленген сипаттамаларға сай келетін жеке тұлға;
22) стандарттау жөніндегі ұсынымдар – стандарттау және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысты ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы ақпаратты қамтитын стандарттау жөніндегі құжат;
23) стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым – мүше болуға кез келген ел үшін ашық стандарттау жөніндегі ұйым;
24) стандарттау жөніндегі шетелдік ұйым – стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, шет мемлекеттің ұлттық деңгейінде танылған стандарттау жөніндегі ұйым;
25) стандарттау саласындағы қызмет – стандарттау жөніндегі құжаттарды жоспарлау, әзірлеу, бекіту, тіркеу, есепке алу, жариялау, тарату, қолдану, мониторингілеу және жаңартып отыру;
26) стандарттау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – стандарттау саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) тарату – осы Заңда айқындалатын тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың тиісті сұрау салулары негізінде ресми басылымдарды және (немесе) олардың көшірмелерін беру не өткізу;
28) техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары – техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерi сыныптауыш топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтықтарын білдіретін стандарттау жөніндегі құжаттар, бұларға ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары жатады;
29) техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – ведомствоаралық сипаты бар техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының жиынтығын білдіретін, оларды қалыптастыруды, есепке алуды, сақтауды, жаңартып отыруды, депозитарийді пайдаланушылардың мүддесінде ақпараттық және нормативтік қамсыздандыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған қор;
30) ұйым стандарты – ұйым өз мақсаттарын іске асыру үшін дербес қабылдаған стандарттау жөніндегі құжат;
31) ұлттық стандарт – уәкілетті орган бекіткен, пайдаланушылардың қалың тобына қолжетімді стандарттау жөніндегі құжат;
32) ұлттық стандарттау белгісі – ұлттық стандарттау жүйесінде әзірленетін және қолданылатын құжаттарды таңбалау үшін пайдаланылатын белгі;
33) ұлттық стандарттау жүйесі – стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде субъектілердің және олардың қатынастарының, сондай-ақ жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық ресурс объектілері болып табылатын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;
34) ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімі – ұлттық стандарттардың, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының, стандарттау жөніндегі ұсынымдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жүйелендірілген есебі жүргізілетін электрондық дерекқор;
35) үйлестіру – ғылым мен техникадағы жаңа жетістіктер көрініс табатын және стандарттау объектілерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттігі деңгейіне қойылатын қазіргі заманғы талаптарды айқындайтын халықаралық және өңірлік стандарттарды ұлттық мүддеге орай енгізу және пайдалану үшін жағдайлар жасау жөніндегі қызмет;
36) халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған, пайдаланушылардың қалың тобына қолжетімді стандарттау жөніндегі құжат;
37) шет мемлекет стандарты – шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі ұлттық органы не шет мемлекеттің ұйымы қабылдаған стандарттау жөніндегі құжат;
38) шет мемлекеттердің стандарттау субъектілері – стандарттау саласында өз елдерінің мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар, жеке не заңды тұлғалар.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Лицо, выполнившее все условия процессуального соглашения, может быть освобождено от уголовной ответственности.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей