Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9-1 Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы
9-1-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым

Ескерту. 9-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым: 

1) астананың брендін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды астана әкімдігінің қарауына енгізуді және осы іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады; 

2) астананың брендін ілгерілету бойынша астананың әкімдігіне қызметтер көрсетеді; 

3) инвестициялар тартуды және туристік дестинацияны дамыту шеңберінде жобаларды іске асыруды жүзеге асырады; 

4) жаңартылатын энергия көздері саласында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуды жүзеге асырады; 

5) астанада іскерлік туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілетеді; 

6) жергілікті және шетелдік туристерге астана туралы қажетті ақпарат береді; 

7) туризм саласында инновациялық шешімдер іздеуді, зерделеуді, тартуды және енгізуді жүзеге асырады; 

8) астананың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

9) астананың әкімдігі айқындайтын өзге де қызметті жүзеге асырады. 

Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 362-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...8 9 9‑1 9‑2 10 ...15

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться