Ст. 10 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
10-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. 2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында мүліктің тауарлық құнының жоғалуын, сондай-ақ жәбірленушінің тауарларды жеткізудің немесе жұмыстарды жүргізудің (қызметтер көрсетудің) мерзімдерін, оның келісім-шарттар (шарттар) бойынша өзге де міндеттемелерді бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеуді қоса алғанда, жәбірленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеуді қоспағанда, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы тиіс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауда ерікті.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
4. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтанушының өтініші негіз болып табылады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
4-1. Сақтанушының қалауы бойынша тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
5. Сақтандыру полисінде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында санамаланған талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері көрсетілуге тиіс.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.
6. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Егер сақтандырушы тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбірленушінің алдында осы Заңда белгіленген талаптар бойынша міндетті болады.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Попробуйте обратиться в палату по охране труда, направить на компанию жалобу с указанием всех причин
Помогите с чего начать, заключила договор с мед учреждением ,оказание услуг по рассрочке, услугами не пользовалась. По семейным обстоятельствам решила расторгнуть договор, написала заявление, потом встретилась с руководством,они уверили,что через месяц отменят, прошел месяц и тишина. Моя ошибка ,что я не запросила письменно подтверждения. Заявление на рассторжение у них есть.
Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей