Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
21-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы шарттары

1. Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды. 

Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті. 

2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:  

1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжат;  

3) көліктегі сақтандыру жағдайы туралы тасымалдаушы жасаған акті;  

4) жолаушыға билет берілген жағдайда - жол жүру билеті немесе оны алмастыратын құжат (билеттерді сату) ведомосының немесе билет түбіртегінің тасымалдаушы растаған көшірмесі) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ресімделген куә айғақтары;  

5) жәбірленушіге еңбекке уақытша қабілетсіздіктің мерзімі туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мамандандырылған мекемелердің мүгедектік белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі - ол белгіленген жағдайда;  

6) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама және пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжат (көшірмесі) – жәбірленуші қайтыс болған жағдайда; 

7) жәбірленушінің жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің тізбесі - мүлікке зиян келтірілген жағдайда;  

8) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) залалды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар - олар болған кезде.  

Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбірленушіден басқа да қосымша құжаттарды талап етуіне жол берілмейді.  

2-1. Тасымалдаушы жасаған көліктегі сақтандыру жағдайы туралы актіде мынадай мәліметтер болуға тиіс:  

1) жәбірленушінің тегі, аты, әкесінің аты;  

2) көлік түрі;  

3) рейс нөмірі, поезд нөмірі, кеменің атауы және т.с.с;  

4) жол жүру бағыты;  

5) жәбірленушіде болған жол жүру билетінің сериясы және нөмірі;  

6) сақтандыру жағдайының басталу орны, күні және уақыты;  

7) жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зақымдардың сипаты;  

8) жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зақымдардың сипаты;  

9) сақтандыру жағдайының мән-жайына қысқаша сипаттама;  

10) тексеру жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті органның атауы;  

11) жәбірленуші жіберілген медициналық мекеменің атауы және орналасқан жері;  

12) көлік ұйымы не көлік құралы басшысының тегі, аты, әкесінің аты және қолы;  

13) тексеру жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті орган өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы;  

14) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, тасымалдаушының мөрі. 

3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылдаған күнді көрсете отырып анықтама беруге міндетті.  

Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талабын электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін. 

4. Жәбірленуші (ол қайтыс болған жағдайда - жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттіруге құқылы тұлға), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленушіге (зиянды өтеттіруге құқығы бар тұлға) келтірілген зиянды осы Заңда белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде өтеуші және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.  

5. Жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі оған (зиянды өтеттіруге құқығы бар тұлғаларға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесілі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.  

6. Жәбірленушінің жазбаша ресімделген өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхаты бойынша сақтандыру төлемі оның денсаулығын және (немесе) мүлкін қалпына келтіру жөнінде қызмет көрсеткен (көрсетуші) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.  

7. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттарды қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.  

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі  

1. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде төлейді.  

2. Сақтандыру төлемінің мөлшеріне пайда алушы дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде аталған тұлғалардың бірде-бірі қарсылық білдірмеген бөлігінде шұғыл түрде жүзеге асыруға міндетті.  

Сақтандыру төлемінің дау айтылған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, не, егер сот шешімді шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиіс.  

3. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығы нашарлап кетсе (мүгедектік не мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленсе) не қайтыс болса, онда сақтандырушы жәбірленушіден (пайда алушыдан) келіп түскен өтініштің және тиісті құжаттардың негізінде, сақтандыру төлемінің сомасына осы Заңда белгіленген тәртіппен және мөлшерде қайта есептеу жүргізуге міндетті. Бұл ретте сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады.  

4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыз айыбын төлеуге міндетті.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться