Ст. 24 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
24-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы: 1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін, сондай-ақ:
1) сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының залалдың тиісті өтемін залал келтіруге кінәлі тұлғадан алуы;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау;
3) жәбірленушінің мүлкіне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмістен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдік бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрінде зиян келтіруі негіз болуы мүмкін.
3. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға уақтылы хабарламау немесе хабарламай қою, егер бұл дәлелді себептерге байланысты болса және сақтандыру жағдайының басталғаны, жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені туралы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса және мүлік бағалау үшін сақтандыру жағдайы басталғаннан кейінгі күйінде ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіз бола алмайды.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті және барлық құжатты алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мәлімдеген тұлғаға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жіберуге міндетті.
5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиациялық немесе радиоактивті улану әсерінің;
2) соғыс қимылдарының;
3) азамат соғысының, түрлі сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің салдарынан туған болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей