Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 26-1 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
26-1-бап. Тікелей реттеу

1. Көлік оқиғасы кезінде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар адам келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінен көлік оқиғасы болған адамды көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болған жағдайда, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға жүгінуге құқылы. 

2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 4-1), 4-2) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келтірілген зиянды өтейді. 

Тікелей реттеу шеңберінде сақтандырушы жүзеге асыратын жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу ол үшін жәбірленушімен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелердің орындалуы болып табылмайды. 

3. Кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайын реттеген сақтандырушыға нақты төлеген сомасын өтеп береді. 

4. Тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
27-бап. Бiрнеше тұлға зиян келтiрген кездегi сақтандыру төлемi  

Тұлғаға иелерiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бар бiрнеше көлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке-жеке алуға құқылы. Әрбiр сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiк көлемi шегiнде және сақтанушы жауапкершілiгiне тең мөлшерде жүзеге асырады. Бұл ретте барлық сақтандырушылар жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы жәбiрленушiге келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершілiктiң шектi көлемiнен аспауға тиiс.

Статья 1 ...25 26 26‑1 27 28 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться