Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздерi

1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:  

1) қажеттi қорғану және аса қажеттілiк жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi;  

2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы. 

2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн сондай-ақ:  

1) пайда алушының шығынның тиiстi өтемiн шығын келтiруге кiнәлi тұлғадан алуы;  

2) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 

3) сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргiзудi үйретуге арнайы лайықталған орындарда оқыту кезiнде пайдалануы;  

4) көлiк құралын тиеу немесе түсiру кезiнде зиян келтiру;  

5) жәбiрленушiнiң мүлкiне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдiк бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрiнде зиян келтiру;  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) жәбiрленушiнiң осы Заңның 22-бабы 3-тармағы үшінші бөлігінің талаптарын бұзуы негiз болуы мүмкiн.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы өтінішті және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерiнiң уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.  

4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 

5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:  

1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк улану әсерiнiң;  

2) соғыс қимылдарының;  

3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан басталса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.  

5-1. Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.  

6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.  

Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...27 28 29 29‑1 30 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться