Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11-1 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
11-1-бап. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру қағидалары және ішкі қағидалары болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидалары:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;

2) ішкі аудит қызметінің және тұрақты жұмыс істейтін басқа да органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;

4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұйымның атынан және ұйымның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін;

6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсетін өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;

7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) және олардың өкілдеріне жауап беру тәртібі мен мерзімдерін;

8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін көрсете отырып, сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау немесе одан бас тартудың дәлелді негіздемесін ұсыну рәсімін;

9) сақтандыру тәуекелдерін (оның ішінде сақтандыруға қабылданатын мүлікті) және сақтандыру жағдайы бойынша залалдың мөлшерін бағалау тәртібін;

10) андеррайтердің, аджастердің және сюрвейердің өкілеттіктерін айқындауға тиіс.

3. Сақтандыру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидаларын директорлар кеңесі бекітеді.

3-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде директорлар кеңесі бекітеді.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

 РҚАО-ның ескертуі!

Осы абзац 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

Тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, актуарий өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.

 РҚАО-ның ескертуі!

5-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің осы Заңда белгіленген қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартады.

Осы тармақтың талаптары аудиторлық ұйым міндетті аудит жүргізген кезде тәуелсіз актуарийді тартқан жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.

 РҚАО-ның ескертуі!

6-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

6. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері болмауы;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл актуарийлік қызмет тәжірибесінің болуы;

3) уәкілетті органның актуарийлік қызметке арналған лицензиясы болуы немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуы.

 РҚАО-ның ескертуі!

7-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

8. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Ескерту. 11-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10‑3 11 11‑1 12 13 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться