Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 52-1 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
52-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары: 

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін; 

2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді; 

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің түрлері бойынша тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне жеке-жеке лимиттерді; 

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін; 

5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады. 

Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері уәкілетті органның осы тармақта көзделген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

1-1. Активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады. 

2. Сақтандыру тобында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс. 

Сақтандыру тобының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды шоғырландырылған негізде сақтауды қамтамасыз етеді. 

Сақтандыру тобының бас ұйымы сақтандыру тобына қатысушылардың тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауы үшін жауапты болады. 

2-1. Сақтандыру холдингі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын, оның ішінде еншілес ұйымның немесе сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты болуын қамтамасыз етеді. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаларға қолданылады. 

3. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады. 

Ескерту. 9-тарау 52-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...51 52 52‑1 52‑2 52‑3 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться