Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Байланыс туралы
12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасында радиожиіліктер спектрін пайдалану: 

1) пайдаланушылардың радиожиілік спектріне қол жеткізуінің рұқсаттық тәртібі; 

2) мемлекеттік басымдықтар ескеріле отырып, барлық пайдаланушылардың радиожиілік спектріне тең қол жеткізу құқығы; 

3) радиожиілік спектрін пайдаланудың ақылы болуы; 

4) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) мерзім белгілемей бөлектеуге, иелікке беруге (тағайындауға) жол бермеу; 

5) осы іс-шараларға жұмсалатын шығыстардың орны толтырыла отырып, радиожиілік спектрін пайдалануды конверсиялау; 

6) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану рәсімдерінің айқындығы және ашықтығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекітетін Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлудің ұлттық кестесіне және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган бекітетін радиожиілік спектрін перспективада пайдаланудың жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру, бөлектеу және иелікке беру тәртібін радиожиілік органдары әзірлейді. 

Телевизия және радио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негізде өткізіледі. 

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс өткізбей бөлінеді. 

4. Жиіліктерді иелікке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету мүддесіне орай, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа жиіліктерге көшуіне байланысты залалдарын бір мезгілде өтей отырып өзгертілуі мүмкін. 

5. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін және Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін беретін рұқсат құжаттарымен куәландырылады. 

5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) уақытша немесе тұрақты пайдалану құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға беруге, мына жағдайларды:  

1) радиожиілік спектрін негізгі пайдаланушы келісім берген жағдайда, өндірісішілік қызмет үшін радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Әрбір пайдаланушыға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған жеке рұқсат ресімделеді; 

2) ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін бөлінген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шартпен ресімделеді. 

6. Байланыс операторларына және радиожиiлiк спектрiн өндiрiсiшiлік қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануды көздейтiн тұлғаларға радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсаттар белгiленген үлгiдегi өтiнiмдер уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей берiледi. 

Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсатта байланыс түрі немесе стандарты, пайдаланудың аумағы, пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың типі мен техникалық өлшемдері, сондай-ақ елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер көрсетіледі. 

Көрсетілетін байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділікті ұйымдастыру үшін берілген, радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды алған жеке және заңды тұлғалар осындай рұқсаттарды алған кезден бастап екі жылдан аспайтын мерзімде берілген рұқсаттарды пайдалану аумағындағы әрбір елді мекендегі халықтың кемінде отыз пайызына сапасы бойынша ең төмен шекті мәндерге сәйкес келетін көрсетілетін байланыс қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну үшін техникалық инфрақұрылымның болуын қамтамасыз етуге міндетті. 

Осы тармақтың үшінші бөлігінің талабы уәкілетті орган берген радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттар шеңберінде өзіне осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдаған байланыс операторларына қолданылмайды. 

Байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы, сондай-ақ радиожиілік спектрін бір жыл ішінде пайдаланбауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа алып келеді. 

7. Өтінім берушіге азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден мынадай негіздер бойынша: 

1) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес келмесе; 

2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәулелену және қабылдау параметрлері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға, нормаларға сәйкес келмесе; 

3) қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының оң қорытындысы болмаса; 

4) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұрын иелікке берілген, мәлімделген жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) азаматтық пайдаланушылардың қарамағында болса; 

5) радиожиілік пайдаланылатын, байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріне лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен беретін тиісті лицензия болмаса; 

6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасы) Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің оң нәтижелері болмаса, бас тартылады. 

7) алып тасталды – ҚР 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. Мемлекеттің қорғанысы және қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

8-1. Радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың қолданысы мынадай негіздер бойынша: 

1) пайдаланушының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты ерікті қайтару туралы өтініші бойынша; 

2) радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмағанда; 

3) байланыс операторы Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамағанда; 

4) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес үш тоқсанға мемлекеттік бюджетке төлемақы төлемегенде; 

5) радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат берілгеннен кейін екі жыл өткен соң ол пайдаланылатын әрбір елді мекендегі және (немесе) аумақтағы халықтың кемінде отыз пайызына көрсетілетін байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады. 

9. Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытына, бірақ күнтізбелік отыз күннен асырмай ұзартылуы мүмкін. 

Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес іргелес жатқан мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізу қажет болған жағдайда өтінімді қарау мерзімі, бірақ алты айдан асырмай ұзартылуы мүмкін, бұл жөнінде өтінім беруші алдын ала электрондық нысанда хабардар етіледі. 

Радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты ресімдеу және беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 355-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться