Ст. 31 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567
Байланыс туралы
31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану
1. Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес байланыс операторларына меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлген, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану (сервитут) құқығымен берiлген жер учаскелерi байланыс жерiне жатады. 2. Автостанциялар мен темiр жол станциялары, әуежайлар, теңiз, өзен порттары мен айлақтары жанынан пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бөлiмшелерi үшiн үйлер, құрылыстар немесе ғимараттар салуға арналған жер учаскелерi - вокзал үйiне таяу жерден, ал қалалық поштамттар мен пошта байланысы тораптарын салуға - автомобиль көлiгi құралдарымен, пошта вагондарымен, ұшақтармен, теңiз және өзен кемелерiмен жеткiзiлген пошта жөнелтімдерін алмастыруға жағдай туғыза отырып, қаланың орталық бөлiгiнен бөлiнуге тиiс.
3. Байланыс операторларына берiлетiн жер учаскелерiнiң, оның iшiнде күзетiлетiн аймақтар мен соқпақтардың көлемi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрi үшiн жер учаскелерiн бөлудiң нормаларына және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес айқындалады.
4. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында ұсынылатын талаптар сақталған жағдайда көпiрлер, туннельдер, көшелер, автомобиль және темiр жолдар, құрылыстар, коллекторлар, тыйым салынған аймақтар, ормандар мен сулар арқылы байланыс желiлерiн тартуға құқылы.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне және жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына телекоммуникация желiлерi мен объектiлерiн салу Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес аталған жерде (аумақтарда) жер пайдаланудың белгiленген режимiн ескере отырып жүзеге асырылады.
6. Жер учаскесiндегi, үйдегi, құрылыстағы немесе ғимараттағы жұмыстар аяқталғаннан кейiн байланыс операторы немесе тапсырыс берушi жер учаскесiн, үйдi, құрылысты немесе ғимаратты өз есебiнен бастапқы қалпына келтiруге не жер учаскесiнiң меншiк иесiне, жер пайдаланушыға немесе үйдiң, құрылыстың немесе ғимараттың меншiк иесiне келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндеттi.
7. Байланыс операторлары желiлер мен объектiлердi салу кезiнде табиғат қорғау технологияларын қолдануға және қызметiн жүзеге асыру кезiнде экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi. Бұл орайда қоршаған ортаға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiне келтiрген залалы үшiн операторлар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
8. Елдi мекендердi жаңадан салудан, кеңейтуден, реконструкциялаудан, жердi игеруден, мелиорация жүйелерiн қайта орналастырудан, пайдалы қазбаларды игеруден туындаған байланыс құрылысжайларын көшiрудi немесе қайта орналастыруды құрылысқа тапсырыс берушілер стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс желiлерi иелерінiң және (немесе) оларды пайдаланушылардың техникалық шарттары бойынша өз есебiнен жүргiзедi. Бұл ретте байланыс құралдарының қуатын ұлғайту байланыс құрылысжайлары меншiк иелерiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
9. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесiн шектеулі нысаналы пайдалану құқығын мүдделi байланыс операторларына табыстауға мiндеттi.
10. Байланыс объектiлерi үшiн жер учаскелерiне құқықтар табыстау жергiлiктi атқарушы органдар шешiмiнiң, жер учаскесiн сатып алу-сату шартының, жер учаскесiн жалдау шартының негiзiнде, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану туралы шарт (сервитут шарты) бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-тарау. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 499-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей