Ст. 37 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567
Байланыс туралы
37-бап. Байланыс операторларының қызметiнде тiлдер мен әлiпбилердi пайдалану
1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желiлерiнде байланыс операторларының қызметтiк iс жүргiзуi мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының шегiнде жiберiлетiн жеделхаттар мен пошта жөнелтiмдерiн жөнелтушi мен алушының мекен-жайлары жөнелтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде ресiмделуге тиiс.
3. Жеделхаттың мәтiнi жөнелтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жазылуға тиiс.
3-1. Ұялы байланыс операторы ақпараттық, шағын мәтіндік хабарламалардың мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуін қамтамасыз етеді.
4. Байланыс желiлерi арқылы берiлетiн халықаралық хабарламалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнде айқындалатын тiлдерде өңделедi.
5. Байланыс операторларының қызметiне қатысты ақпараттық, анықтамалық және басқа да мәлiметтер, сондай-ақ бланкiлiк өнiмнiң үлгiлерi көрсетілетін байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қолжетімді жерлерге "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттiк тiлде және орыс тілінде орналастырылады.
Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
38-бап. Байланыс саласындағы есепке алу-есеп беру уақыты
1. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерiне қарамастан, хабарламалар мен ақпаратты берудiң немесе қабылдаудың технологиялық процестерiнде байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн бiрыңғай есепке алу-есеп беру уақытын қолданады.
2. Көрсетілетін байланыс қызметтерін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсету уақыты туралы хабар беру көрсетілетін байланыс қызметтерін пайдаланушының тұрған жерінде Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.
3. Халықаралық байланыстағы есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
39-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
1. Байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Халықаралық қызметте уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының байланыс әкiмшiлiгi ретiнде өз құзыретi шегiнде халықаралық одақтар мен байланыс ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiне өкiлдiк етедi және қорғайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей