Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 138 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
138-бап. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу және аудару тәртібі

1. Кедендік баждар, салықтар мен өсімпұлдар, кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарылған тауарларды қоспағанда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған кеден органында немесе аумағында тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі айқындалған кеден органында төленеді (өндіріліп алынады).  

2. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындаған жағдайда, кедендік баждар, салықтар тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарған кеден органына төленуге тиіс. 

Транзиттік кеден рәсімімен орналастырылған тауарлар Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында екендігі Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған тәртіппен анықталса (расталса), кедендік баждар, салықтар Кеден одағына мүше осы мемлекетте төленуге тиіс. 

3. Төлеуші кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды бюджетке ұлттық валютамен қолма-қол ақша әдісімен және қолма-қол ақшасыз әдіспен, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу жолымен төлейді. 

4. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдың түріне сәйкес Қазақстан Республикасының кірістердің бірыңғай бюджеттік сыныптамасының (бұдан әрі – бюджеттік сыныптау кодтары) тиісті кірістер коды бойынша жүргізіледі. 

5. Төлеушiлер кедендiк баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеудi екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргiзедi. Кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлдарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушi кеден ісі саласындағы уәкілетті орган регламенттеген тәртіппен айқындалатын салық органының (бұдан әрi – бенефициар салық органы) деректемелерiн көрсетедi. 

6. Төлеушінің тапсырмасы бойынша кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды үшінші тұлғалар төлеген кезде төлем құжатының төлем арналымында кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды төлеу жүргізетін төлеушінің толық атауы, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірі қосымша көрсетіледі. 

7. Төлеушінің кедендік баждар, салықтар бойынша алда тұрған міндеттемелерінің есебіне аванспен кедендік баждарды, салықтарды енгізуге құқығы бар. Кедендік баждардың, салықтардың түрлері бойынша оларды аванспен енгізу кірістердің бірыңғай бюджеттік сыныптау кодтары бойынша жүргізіледі. 

8. Кедендік әкелу баждарының төленген (өндіріп алынған) сомалары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында есепке жатқызуға және бөлуге жатады. 

9. Төлеуші немесе үшінші тұлға төлеушінің шотына кеден баждарын, салықтар мен өсімпұлды төлеген кезде, тауарларды шығару үшін мына мәліметтер мен құжаттардың біреуі немесе бірнешеуі олардың төленгенiнің растамасы болып табылады: 

1) қазынашылық органдары мемлекеттік кіріс органдарына күн сайын беретін бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша түсімдер есептілігі нысандары бойынша деректер; 

2) төленген кеден баждары мен салықтар туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы екінші деңгейдегі банктер және жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар берген мәліметтер мен ақпарат; 

3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда – "электрондық үкімет" жүйесінде жасалатын электрондық чек; 

4) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары арқылы төленген жағдайда – екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары беретін чек; 

5) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кассалары арқылы төлеген жағдайда екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кассаларының түбіртегі. 

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мемлекеттік кіріс органдарында осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер және ақпараттар болмаған жағдайда ғана талап етіледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген екiншi деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мемлекеттік кіріс органдарымен жасасқан тиісті шарттары болуы тиіс. 

Тауарларды шығару мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары кедендік баждарды, салықтарды бюджетке төлеген кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем құжаттары көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттар болып табылады. 

10. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттелмеген кедендiк әкету баждары мен өсімпұлдарды төлеу жөнiндегi мiндеттердi орындау тәртiбi, нысандары, төлеу шарттары, кезi осы Кодексте белгiленедi. 

11. Осы Кодексте және Кеден одағының кеден кодексінде реттелмеген бюджетке аудару, артық (қате) төленген немесе бюджеттен артық өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын қайтару (есепке жатқызу) қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

12. Осы Кодекстің 301-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті тоқтату үшін кедендік баждар, салықтар сомасын төлеу декларанттың немесе шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның аталған тауарларды шартты түрде шығаруды жүргізетін кеден органына берген, кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомасын төлегенін растайтын төлем құжаттары, сондай-ақ тауарларды шартты түрде шығару жүзеге асырылатын кедендік декларацияның көшірмесі қоса берілген өтініші негізінде жүзеге асырылады. 

Кедендік баждар, салықтар тауарларды шартты түрде шығару жүзеге асырылатын кедендік декларацияда есептелген және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілуіне байланысты төленбеген кедендік баждар, салықтар сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленеді. 

Осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағында көзделген кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімдері бұзылған кезде, кедендік баждар мен салықтарды есептеу осы Кодекстің 158-бабына сәйкес кедендік баждар мен салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдар есепке жазыла отырып жүргізіледі. 

Ескерту. 138-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...136 137 138 139 140 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться