Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 143 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
143-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің жалпы шарттары

1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мынадай: 

1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау; 

2) егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмдерiн өзгерту; 

3) тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру; 

4) осы Кодекстің 299 және 300-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезінде; 

5) тауарларды кедендік қоймаға іс жүзінде орналастырмай, кедендік қойма кедендік рәсімімен орналастыру; 

6) кеден аумағында қайта өңдеу рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды баламалы тауарлармен ауыстыру; 

7) осы Кодекстің 112-бабына сәйкес тауарларды шартты шығару жүзеге асырылатын кедендік құнды айқындау; 

8) уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мұндай декларациялауды жүзеге асыруын қоспағанда, мерзiмдiк кедендiк декларациялау; 

9) тауарларды алушының қоймаларына осы Кодекстің 265-бабына сәйкес орналастыру; 

10) кедендiк тасымалдаушы және (немесе) кеден өкiлi ретiнде қызметтi жүзеге асыру; 

11) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру үшін және оның уәкілетті экономикалық оператор ретінде қызметті жүзеге асыру; 

12) осы Кодекстің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару; 

13) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес тауарлар шығарылған елді растайтын құжаттар болмаған не табыс етілген құжаттар тиісті түрде ресімделмеген белгілері анықталған және (немесе) анық емес мәліметтер болған; 

14) осы Кодекстің 78-бабының 9-тармағына сәйкес тауарларды сыныптау үшін қосымша құжаттарға сұрау салынған жағдайларда қамтамасыз етiледi. 

2. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету: 

1) егер төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және пайыздардың сомалары – кедендік декларация тіркелген күні, ал егер кедендік декларация ұсынылмайтын болса, қамтамасыз етуді ұсынбау туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бес жүз евроға баламалы сомадан аспайтын болса; 

2) осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда берілмейді. 

3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді – төлеуші және кеден өкілі, ал тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдаған кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, төлеушінің орнына оларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жүргізілетін тауарларға билік ету, пайдалану және (немесе) пайдалану құқығы бар өзге тұлға да жүргізеді. 

4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органына беріледі. 

Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді кеден өкілі және (немесе) кедендік тасымалдаушы беретін болса, мұндай қамтамасыз ету ол қызмет аймағында тіркелген кеден органына берілуге тиіс. 

5. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдаған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөнелтушінің кеден органына не межелі кеден органына берілуі мүмкін. 

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдаған кеден органы осындай қамтамасыз етуді растайтын құжатты табыс етеді. Осындай құжатты беру тәртібі және мұндай құжаттың нысаны, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады. 

6. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) кеден органы қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалуына көз жеткізген жағдайда не қамтамасыз етілген міндеттеме туындамаған жағдайда жүзеге асырылады. 

7. Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 143-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

Статья 1 ...141 142 143 144 145 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться