Ст. 165 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
165-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
Ескерту. 165-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерді, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі жиырма жұмыс күні өткеннен кейін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар сомасын төлеушінің банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.
2. Даусыз өндіріп алу туралы шешім қажетті ақшаны төлеушінің шотынан есептен шығаруға және бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкімін төлеушінің шоты ашылған банкке жіберу нысанында қабылданады.
Кеден органы инкассолық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Инкассолық өкім электрондық нысанда жіберілген кезде, мұндай инкассолық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.
3. Банк төлеушінің бір банк шотынан берешекті өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындаған жағдайда, егер кеден органы төлеушінің көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына дәл осы сомаға және берешек түріне инкассолық өкім шығарған болса, банк кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, мұндай инкассолық шешімді орындамай, кеден органына қайтарады.
4. Шоттардан даусыз тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды шетел валютасымен өндіріп алу төлеушінің шотынан берешек пен өсімпұлды өндіріп алған күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті кедендік төлемдер, салықтар және олар бойынша өсімпұл сомасына барабар сомада жүргізіледі.
5. Кеден органының инкассолық өкімін орындауды банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.
Ескерту. 165-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 539 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей