Ст. 187 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
187-бап. Кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну
1. Декларант, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша, жазбаша және (немесе) электронды нысанда табыс етуге міндетті. 2. Кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратуға және оларды табыс ету мерзімін белгілеуге құқылы.
Кеден органы белгілейтін мерзім сұратылған құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуға тиіс.
3. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы құжаттар мен мәліметтерді алуға құқылы.
4. Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу мақсатында кеден органдары коммерциялық және бухгалтерлік құжаттарды, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге, оларды шығаруға және Кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тыс жерде пайдалануға қатысты өзге де ақпаратты, соның ішінде электрондық нысанда сұратуға және алуға құқылы.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс.
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін бес жыл бойы сақтауға тиіс.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей