Ст. 312 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
312-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (тыйым салу) салдарлары
1. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар алып қойылған не мұндай тауарларға тыйым салынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Егер тауарларды алып қоюдың не оларға тыйым салудың күшін жою туралы шешім қабылданса, кедендік рәсімнің қолданылуы қайта жаңғыртылады.
Кедендік рәсімнің қолданылуын қайта жаңғыртқан кезде осы бөлімге сәйкес көзделген пайыздар оларды есепке жазу және төлеу кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру кезеңі ішінде есепке жазылмайды және төленбейді.
2. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды тәркілеу және мемлекет меншігіне өзгеше айналдыру кезінде осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады, ал тәркіленген және мемлекет меншігіне өзгеше айналдырылған шетелдік тауарлар Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту оның кедендік рәсімді сақтамағанына байланысты болса және жол берілген сақтамау аталған кедендік рәсімді одан әрі қолданудың мүмкін еместігіне әкеп соқса, кедендік рәсімнің қолданылуы тұлғаны жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шешімнің күшіне енген күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде аяқталуы тиіс.
Оларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.
36-тарау. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей