Ст. 321 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
321-бап. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары
1. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шараларына: 1) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету;
2) кедендік алып жүру;
3) тауарларды тасымалдау бағытын белгілеу жатады.
2. Егер:
1) декларант ретінде кедендік тасымалдаушы немесе уәкілетті экономикалық оператор әрекет етсе;
2) тауарлар теміржол және құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілсе;
2-1) орналасқан тауарлар келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орнына әуе көлігімен өткізілсе;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленсе;
4) тауарлар кедендік алып жүру арқылы тасымалданса;
5) осы Кодексте және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында белгіленген өзге де жағдайларда, кедендік транзит кезінде кеден органы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеудің қамтамасыз етілуін ұсынуды талап етпейді.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шарасы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын жағдайларда кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз етудің өзге де шараларына тек қосымша қолданылуы мүмкін.
Бағыттарды жөнелтуші кеден органы көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтер негізінде айқындайды.
Жөнелтуші кеден органының не ол жүретін жолдағы кез келген кеден органының жазбаша рұқсатымен бағытты өзгертуге жол беріледі.
Ескерту. 321-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей