Ст. 95 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
95-бап. Тауарлар шығарылған елді растайтын құжаттарды табыс ету
1. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде, егер Қазақстан Республикасының аумағында осы тауарлар шығарылған елге Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес тарифтік преференциялар берілетін жағдайда, тауарлар шығарылған елді растайтын құжат беріледі. Аталған жағдайда, тауарлар шығарылған елді растайтын құжат кеден органына кедендік декларация табыс етумен бір мезгілде табыс етіледі. Бұл ретте, тарифтік преференциялар беру Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес анықталған нысан бойынша тауардың шығарылған жері туралы сертификат беру қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін. Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын және (немесе) тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға әсер ететін тауарлар шығарылған ел туралы мәлімделген мәліметтер дұрыс емес екендігінің белгілері анықталған кезде, кеден органдары тауарлардың шығарылған елін растайтын құжатты табыс етуді талап етуге құқылы.
Сертификат жоғалған кезде тауарлар шығарылған елдің не, егер әкету елінде сертификат тауарлар шығарылған елден алынған мәліметтердің негізінде берілсе, әкету елінің уәкілетті органдары немесе ұйымдары берген телнұсқа қабылданады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан:
1) Кеден одағының кеден заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлары Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі немесе оның аумағы арқылы транзитке тыйым салынған ел тауарлар шығарылған ел болып табылатын белгілерді Кеден одағы анықтаған жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық босатыла отырып, кедендік транзит кедендік рәсіміне немесе уақытша әкелу кедендік рәсіміне мәлімделсе;
2) егер жеке тұлғалар тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларына сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізсе;
3) егер Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, бір алушының атына бір уақытта және бір тәсілмен және бір жөнелтуші жөнелткен тауарлардың жалпы кедендік құны Комиссия бекіткен сомадан аспаса;
4) Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тауарлардың шығарылған елін растайтын құжатты беру талап етілмейді.
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей