Ст. 10 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
10-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі
1. Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік кірістер органдары болып табылады. 2. Кеден органдары жүйесі:
1) уәкілетті органнан;
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық кеден органдарынан (бұдан әрі – аумақтық кеден органдары);
3) кедендерден;
4) кеден бекеттерінен;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен және (немесе) кедендік операциялар жасалатын орындардан;
6) мамандандырылған мемлекеттік мекемелерден тұрады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ақпараттық-есептеу орталығы, кедендік зертханалар, кинологиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған мекемелер, жоғары кәсіптік және қосымша білім беретін білім мекемелері, сондай-ақ қызметі осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуге ықпал ететін мемлекеттік кәсіпорындар құрылады.
4. Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісі болады, олардың сипаттамасы мен қолданылу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Кедендердің, кеден бекеттерінің, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің және (немесе) кедендік операциялар жасалатын орындардың жұмыскерлері погонсыз нысанды киіммен қамтамасыз етіледі.
Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар кеден органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте у меня было ДТП 19.11.2019 году до этого меня лешили водительские права.Суде меня сделал виновным и страховой компания оплатил пострадавшим машину,теперь сегодня страховой полис отпрвил письмо по стати 28 хотят чтобы я оплатил их расходы что делать?
понятия "отказ от ребенка" нет, признанный отец усыновленного ребенка обязан нести ответственность по его и вашему содержанию, вы вправе предъявить требование об уплате алиментов.
оплата труда в период испытательного срока осуществляется в соответствии с условиями трудового договора, применение надбавки производится, если это прямо предусмотрено в законодательстве в связи с вредными условиями труда, районные коэффициенты, т.п.
Здравствуйте! Используются ли надбавки при оплате труда на испытательном сроке?
Добрый день
в браке усыновили ребенка, теперь разводимся с мужем, он хочет отказаться от сына чтобы не платить алименты, сыну на данный момент 2 года и 3 месяца, усыновивили с рождения. Не подскажете его отказ будет происходить через отдел органов опеки, и мне нужно будет опять собирать документы для того чтобы доказать что я имею возможность на содержание сына
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей