Ст. 110 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
110-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын есепке жатқызу
1. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек болмаған жағдайда, төлеуші кедендік декларацияны ұсынған не төлеуші осы төлеушінің өз ақшасын кедендік төлемнің, кедендік алымның, салықтың, өсімпұлдың, пайыздың осы түрі бойынша кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар ретінде пайдалану ниеті туралы куәландыратын өзге де әрекеттер жасаған кезде кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары есепке жатқызылуға жатады. 2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, төлеушінің өтініші бойынша осындай өтініште көрсетілген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардыңбасқа түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға жатады.
3. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек болған кезде кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын кеден органы осы Кодекстің 12-тарауында көзделген жағдайларда, төлеушінің өтінішінсіз, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының осы және (немесе) басқа түрлері бойынша осындай берешекті өтеу есебіне есепке жатқызады.
4. Кедендік әкелу бажының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызуды кеден органы Одақ туралы шартта көзделген ережелерді ескере отырып жүргізеді.
5. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызуды кеден органы осындай өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей