Ст. 129 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
129-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті төлеушінің банктік шоттарындағы ақшасы есебінен өндіріп алу
1. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі жиырма жұмыс күні өткен соң төлеушінің банктік шоттарынан кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады. Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.
2. Даусыз тәртіппен өндіріп алу туралы шешім төлеушінің банктік шоттары ашылған банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кеден органының қажетті ақшаны төлеушінің банктік шоттарынан есептен шығаруға және бюджетке аударуға арналған инкассолық өкімін жіберу нысанында қабылданады.
Кеден органы инкассолық өкімді банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Инкассолық өкім электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай инкассолық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.
3. Банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кеден органының кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті төлеушiнің бір банктік шотынан өндіріп алу туралы инкассолық өкімін орындаған кезде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушiнің көрсетілген банкте немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банктік шоттарына кеден органы шығарған инкассолық өкімдерді, егер кеден органы төлеушінің осындай инкассолық өкімдерді берешектің дәл осы сомасына және түріне шығарған болса, кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, орындамай, кеден органына қайтарады.
4. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті шоттардан даусыз тәртіппен өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және шетел валютасында жүргізіледі. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті шоттардан шетел валютасында өндіріп алу кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуге жататын сомасына баламалы сомада кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек төлеушінің шоттарынан өндіріп алынған күнгі валюталар бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
5. Банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кеден органының инкассолық өкімін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.
Ескерту. 129-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей