Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
13-бап. Кеден органдарының құқықтары

1. Кеден органдарының құқықтары: 

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, декларанттардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және тексерілетін тұлғалардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ кеден ісі саласына қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу; 

2) кедендік бақылау жүргізу кезінде әртүрлі білім салаларының мамандарын тарту; 

3) көлік құралдарын тоқтату, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтару; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру; 

5) кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұстап алу және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу; 

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, олардың бейне- және аудиожазбасын, кино- және фототүсірілімін жүргізу; 

7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдарының ресми өкілдерін шет мемлекеттерге жіберу; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, құру, иелену және пайдалану; 

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін арнаулы құралдарды қоса алғанда, тауарларды сатып алу; 

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күші мен арнаулы құралдарды қолдану; 

11) Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және істерді қарау, әкімшілік ұстап алуды жүргізу, сондай-ақ басқа да шараларды қолдану; 

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметін жүзеге асыру; 

14) құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру; 

14-1) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін осы Кодекстің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу; 

15) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру. 

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться