Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 144 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.12.2023

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
144-бап. Кедендік операцияларды жасау тәртібі

1. Кедендік операциялар, оның ішінде тауарларды кедендік тазартуға байланысты операциялар және оларды жасау тәртібі – осы Кодексте, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында айқындалмаған бөлігінде не Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады. 

Тауарларды кедендік тазарту деп Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тауарларды ішкі тұтынуға енгізу үшін, олардың экспорты үшін немесе тауарларға өзге де кедендік рәсімді қолдану үшін қажетті кедендік операцияларды жасау түсініледі. 

Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

2. Кедендік операцияларды жасау тәртібі мен нұсқаулықтары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар санаттарына, тауарларды, тұлғаларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін адамдарға, тауарларды кедендік декларациялау мен шығару ерекшеліктеріне, сондай-ақ тауарлар орналастырылатын кедендік рәсімдерге байланысты айқындалады. 

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленетін кедендік операцияларды жасау тәртібі мен нұсқаулықтары кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын толық не ішінара қолданбауға алып келмеуге тиіс. 

3. Кедендік операциялар тауарлардың шыққан жеріне, тауарларды жөнелтуші елге және межелі еліне қарамастан бірдей жасалады. 

4. Кеден органдарының кедендік операцияларды жасау кезіндегі талаптары негізделген болуға және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті талаптармен шектелуге тиіс.
Статья 1 ...142 143 144 145 146 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!


Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?


И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.


У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.


После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться