Ст. 16 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
16-бап. Кедендік инфрақұрылым
1. Кедендік инфрақұрылымға кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен, инженерлік, ақпараттық, телекоммуникациялық жүйелермен және оларды қамтамасыз ету құралдарымен жарақталған (бұдан әрі осы бапта – кедендік инфрақұрылым элементтері) ғимараттар, құрылысжайлар, үй-жайлар, ашық алаңдар және кеден органдарының қызметін қамтамасыз ететін әлеуметтік мақсаттағы объектілер жатады. 2. Кедендік инфрақұрылым элементтері:
1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында;
2) кеден органдары мен кеден органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде;
3) осы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін аумақтарда орналасуы мүмкін.
3. Комиссия тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгілік талаптарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының қызметін қамтамасыз етуге байланысты функционалдық мақсат ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.
4. Кеден органдары мен кеден органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
5. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында кедендік инфрақұрылымның жай-күйін, даму серпіні мен үрдістерін талдауды Комиссия кеден органдары ұсынатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) немесе таратылуы шектелген мәліметтерге жатқызылған мәліметтерді қамтымайтын, белгілі бір уақыт кезеңі үшін қорытылған, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы мәліметтер негізінде жүргізеді.
Тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуі туралы көрсетілген мәліметтердің құрамын, олардың құрылымы мен форматын, сондай-ақ берілу кезеңділігі мен тәртібін Комиссия айқындайды.
Кедендік инфрақұрылымның жай-күйі, даму серпіні мен үрдістері туралы ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?
Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?
Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей