Ст. 167 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
167-бап. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің міндеттері
Өз тауарларын сақтау қоймасының иесі:
1) үй-жайды немесе ашық алаңды осы Кодекстің 165-бабында белгіленген талаптарға сәйкес кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті тиісті түрде жайластыруға;
2) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) үй-жайдағы немесе ашық алаңдағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
5) есепке алуды (оның ішінде автоматтандырылған бақылау мен есепке алу нысанын пайдалана отырып) жүргізуге және кеден органына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есептілікті ұсынуға;
6) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) сақталатын тауарларға кеден органдарының рұқсатынсыз бөтен тұлғалардың қол жеткізуін болғызбауға;
8) кеден органдары лауазымды адамдарының талабы бойынша олардың сақталатын тауарларға қол жеткізуін қамтамасыз етуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
9) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауға;
10) кеден органын жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, өз тауарларын сақтау қоймасының алаңын ұлғайту не азайту туралы осы жұмыстарды орындауды жоспарлап отырған мерзімді көрсете отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 167-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей