Ст. 228 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
228-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ көлік құралдарын ауыстыру
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге), оның ішінде бір көлік түрі көлік құралынан көліктің басқа түрі көлік құралына түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қызмет аймағында осындай операциялар жасалатын кеден органының рұқсатымен жол беріледі. 2. Егер тауарлар мен көлік құралдарына қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардың салынған кедендік пломбалар мен басылған мөрлерді алмай жасалуы мүмкін болса, не егер тауарларға кедендік пломбалар салынбаса және мөрлер басылмаса, қызмет аймағында осындай операциялар жасалатын кеден органын электрондық немесе жазбаша нысанда тиісті түрде хабардар еткеннен кейін осындай операцияларды жасауға жол беріледі.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға кеден органының рұқсатын алуға байланысты кедендік операцияларды жасау немесе осындай операцияларды жасау туралы кеден органын хабардар ете отырып, жасау тәртібін Комисссия айқындайды.
4. Кеден органы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлармен жүк операцияларын жасауға рұқсат беруден, көлік (тасымалдау) құжаттарында, шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарда не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары берген өзге де құжаттарда осындай операцияларды жасауға тыйым салу болған кезде, бас тартуға құқылы.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлармен жүк операциялары кеден органының рұқсатымен тұлғаның өтініші бойынша кеден органының жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 122-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті аванстық төлемдер сомасының, кедендік төлемдердің, салы... Өнеркәсіптік саясат туралы 68-бап. Өтпелі ережелер ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 229-бап. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде туындаған авария, еңсерілмейтін күш әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде қабылданат... ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 376-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды сәйкестендіру ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 338-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей