Ст. 235 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
235-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру және осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану шарттары сақталған кезде, осындай тауарлар кеден қоймасында кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей сақталады. 2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
3. Кеден қоймасы кедендік рәсімін:
1) бұрын уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру жолымен уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің;
2) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) бұрын кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдерін кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру жолымен кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің;
3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) бұрын ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдерін кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру жолымен ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру үшін қолдануға жол беріледі.
4. Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларға қатысты кеден қоймасы кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.
Осындай тауарларды сақтау кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте осындай орындарда сақтауға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін кеден органының рұқсаты болуға тиіс, сондай-ақ осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы қамтамасыз етілуі керек.
5. Комиссия кеден қоймасы кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесін айқындауға құқылы.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей