Ст. 242 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
242-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет:
1) декларантта – кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап;
2) кеден қоймасының иесінде – тауарларды кеден қоймасына қойған кезден бастап туындайды.
2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) тауарларды кеден қоймасына қойғанда;
2) егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, осы Кодекстің 241-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тоқтатылады.
3. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден қоймасы иесінде осы Кодекстің 241-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде, оның ішінде осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тоқтатылады.
4. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылғанда;
2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 7-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алынғанда;
3) шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кемусалдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
5) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымы жойылғанда;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
7) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
5. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
6. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) декларантта:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар кеден қоймасына қойылғанға дейін жоғалған жағдайда – осындай жоғалу күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;
авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін тауарлар жоғалған немесе өзге тұлғаға берілген жағдайда – осындай жоғалу немесе беру күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;
егер тауарларды сақтау осы Кодекстің 235-бабының 4-тармағына сәйкес кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарлар сақтау орнынан тыс жерге әкетілген жағдайда – осындай әкету күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;
2) кеден қоймасының иесінде:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар жоғалған жағдайда – тауарлардың жоғалу күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасына қойған күн;
кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанын растайтын құжаттар оған берілместен, кеден қоймасынан тауарлар берілген жағдайда – тауарларды беру күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасына қойған күн есептеледі.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті дәлме-дәл мәліметтер болмаса, тауарлардың кедендік құны кеден органының қолында бар мәліметтердің негізінде айқындалады.
Тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті дәлме-дәл мәліметтер кейіннен анықталған кезде тауарлардың кедендік құны осындай дәлме-дәл мәліметтер негізге алына отырып айқындалады және осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
8. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін осы Кодекстің 241-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған не кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайларда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
9. Осы баптың ережелері кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылмайды.
Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 392-6-бабының 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес туындайды, тоқтатылады және орындалуға тиіс.
Ескерту. 242-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2026 № 333-VIII (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған хаттама күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-тарау. КЕДЕНДІК АУМАҚТА ҚАЙТА ӨҢДЕУ КЕДЕНДІК РӘСІМІ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Салеметсизбе Мен косметолог маган пациентка келып Блефаро операциясыз Жане ерын жасатып алып довольная болып аулна кетеди ремонт уйн жасауга и быр козы жип кузылып маган заявление жазып 421 мын маган салып отр до и после из лягушки в принцессу болган результат маган козы жилы узылып акшамды кайтар Деп коймап еды коррекция жасаймын келыныз десем. Келмей
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Рекомендованные страницы
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 245-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 240-бап. Кеден қоймасында сақтаған кезеңде жарамсыз болған, бүлінген немесе бұзылған тауарлар ҚР Қылмыстық Кодексi 38-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау Ақпараттандыру туралы 24-бап. "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасы Гражданский Кодекс РК Статья 96. Общие положения о производственном кооперативеРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей