Ст. 253 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
253-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы, тоқтатыла тұруы және тоқтатылуы
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) қалғандарын) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады. 2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) қалғандарын) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе кедендік транзит кедендік рәсімін, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген шарттарда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын өзге де кедендік рәсіммен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбейді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда, өзгеше түрде ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
2) осы Кодекстiң 305-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын қайта бастаумен;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың (қайта өңдеу өнімдерінің, қалдықтардың және (немесе) қалғандарының) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танумен не пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін не оларды осындай операциялар жасау үшін беру фактісін растайтын құжаттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен кеден органына ұсынумен;
5) кеден органдарының кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бір бөлігін өндірістік ысыраптар деп тануымен;
6) Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлар басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын мән-жайлардың басталуымен аяқталуы мүмкін.
3. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін кеден қоймасы кедендік рәсімімен немесе оларды қайта өңдеу өнімдерін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Қайта өңдеу өнімдері бір немесе бірнеше партиямен кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
5. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткен соң осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.
6. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған тұлға кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бақылауды жүзеге асыратын кеден органына кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есепті ұсынуға міндетті.
Кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 253-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Лицо, выполнившее все условия процессуального соглашения, может быть освобождено от уголовной ответственности.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей