Ст. 297 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
297-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері және есептеу
1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта – тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген тұлғада –тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 296-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды қоспағанда, осы Кодекстің 296-бабына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлардың басталуынан кейін аяқталғанда;
2) экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 296-бабы 4-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткенде;
3) өздеріне қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындағанда және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алынғанда;
5) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартқанда;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және оларға қатысты, егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтарып алу туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 296-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда осындай тауарлар еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай, еркін қойманың аумағынан әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін не осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органының рұқсатынсыз әкетілген жағдайда – еркін қойманың аумағынан әкетілген күн, ал егер бұл күн анықталмаса, – еркін қойманың аумағынан осындай әкету фактісі анықталған күн;
2) осы Кодекстің 294-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда осындай тауарлар берілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін өзге тұлғаға берілген жағдайда – тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – осындай беру фактісі анықталған күн;
3) осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін еркін қойманың аумағына қайтарылмаған жағдайда – осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткен күн;
4) осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарларға қатысты, еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін аяқталмаған жағдайда – осы мерзім өткен күн;
5) осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін өзге еркін қойманың аумағында орналастырылмаған жағдайда – осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткен күн;
6) авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды (қайтарымсыз жоғалуды) не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар жоғалған жағдайда – тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса, – осындай жоғалу фактісі анықталған күн;
7) осы Кодекстің 296-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттар кеден органына ол белгілеген мерзімде ұсынылмаған жағдайда – осындай тауарлар еркін қойма аумағының шегінен тыс жерге әкетілген күн;
8) осы Кодекстің 296-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес тоқтатылған жағдайда, осындай тоқтату кезінде еркін қойманың аумағында болатын көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтатуды қоспағанда, – осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты басталған жағдайда, егер мұндай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталған және осы Кодекстің 295-бабына сәйкес осындай тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар сәйкестендірілген жағдайда, егер мұндай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген, тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал шығарылуы оларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталған және осы Кодекстің 295-бабына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай тауарларда сәйкестендірілмеген жағдайда, егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) осындай тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады.
Көрсетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілетін болса, осындай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаса, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топқа кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, осындай топқа кіретін, оларға қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген тауарларға сәйкес келетін акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топқа кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алынып есептеледі. Тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, егер тауарды не топқа кіретін тауарларды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса, егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалса, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының нақ сол кодының тауарларына қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғары негізге алынып есептеледі.
Тауарлар туралы нақты мәліметтерді кейіннен анықтау кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай нақты мәліметтер негізге алынып есептеледі және кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
7. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылған болса, пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
8. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы Кодекстің 296-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген не шетелдік тауарларға қолданылатын, осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған не кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толығымен немесе ішінара) бойынша міндет орындалғаннан кейін кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?
Салеметсізбе .Мен Калкешова Асель ерекше баланың анасымын.Баламда Дцп.Мен медсесра болып жұмыс істеймін .Жолдасым екеуіміз ауысып отырып жұмыс істеп отырмыз.Сменамыз бір болып қалды енді осы жерді ауыстырып беріңіз десем,ауыстырмаған .Мені қорғайтын заң барма.
Салеметсізбе. Менің сұрағым ОНКОЛОГИЯ диагнозы бойынша. 2025 апрель айында асқазан онкологиясы 1-стадия диагнозы қойылды. Гистология цитология зерттеу нәтижесі бойынша, асқазанды түгел алып тастау керек деген МДГ комиссияның заключениесі бар. Және қосымша диагноздарда бар: сахар 2-тип, зоб гипотериоз, артериальное гипертензия. Асқазанды түгел алуға келіспедік. Сондада 20.052025 жыл асқазанның ¾ бөлігі яғни 75% асқазан алынып тасталды. Операция жасалып болғаннан қазірге дейін құсу тоқтаған емес. 08.08.2025 жыл Стеноз 1-стадия деген диагноз қойды тағы. Алматыда Сызғанов емханасында 08.09.20250 жылы Баллонное дилатация жасалынды. Бірақ еш көмегі болмады. Сонымен қайта тексеруден кейін 2.12.2025 МДГ комиссия асқазанды түгел алып тастау керек деген қайта заключение берді. Химия, луч әле тағайындалған жоқ. Жалпы жағдай орта. ( құсу тоқтамайды, іш түйіліп ауыру, іш қату, клизма жиі жасалады.) Әледе іздену, тексерілу, емделу үстіндеміз.Апрель айында басталды диагнозбен жүгіру. 2- операция жасалды. Біреуі 04.11.2025 жыл эндоскопиялық операция удаление полипа желудка. Осының бәрін 2025 жыл декабрь айында зорға дәлелдеп 1-жылға ғана 3- топ мүгедектік берді. (Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тогус-Мед емханасы ФТЭК бөлімі арасында осылай жүгірдік)
Онкология диагнозы диагнозын дәлелдеп, Фтэкке жүгіретін диагноз емес! Диагноз қойылғаннан бастап жаныңмен алысып, өміріңмен күресіп жүгіретін диагноз!
Мысалы жарақат алып аяқ қолы кесілген пациент жарасы жазылса, 10-20-30 жыл қалыпты өмір сүре бере алады. Ал онкопациенттердің өмір сүру ұзақтығы ғылыми медициналық зерттеуде нақты көрсетілген. Статистикасында 5-жыл деп. Ол 5-жыл диагноз қойылады стресс депрессия, операция жасалады постельный режим, химия луч шаш түсет, тағы химия жүдей бастайды. Сонымен көзінің нұры сөніп азып тозып соңы диагноз алып кетеді...
Гистология цитология бар, МДГ комиссия түгел тексеріп, асқазанның жарамсыздығын дәлелдеп отыр. Жұмысқа қабілеттілігі төмен.
Осындай жағдайда нешінші топ мүгедектік берілуі керек?
Менің пікірім: онкодиагноз қойылдыма, 3-лечениенің (операция, химия, луч) біреуі жасалдыма жедел 1 топ мүгедектік беру керек.
advokat.izimova.aktobe ( инстаграм) Изимова Яна Радиковна - адвокат. 8-701-680-11-17
Моему мужу объявили выговор, за просроченный отчет. Что за собой ведет выговор?
У них маленький оклад, и зарплата бонусами и премиями. После выговора его оставят только на окладе?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей