Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 32 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
32-бап. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау

1. Белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуге жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген тауарлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, оларды осылай әкету мақсатында халықаралық тасымалдаудың басқа көлік құралына қайта тиеуді қоспағанда, халықаралық тасымалдаудың көлік құралынан түсірілмей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан дереу әкетілуге тиіс. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету шараларын – тасымалдаушы, ал ол болмаған кезде, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге тұлғалар айқындалмаса, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде оларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығына ие тұлға қабылдайды.  

2. Белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге жатпайтын тауарлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетіле алмайды. 

3. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген немесе тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде тыйым салулар мен шектеулердің сақталмағаны анықталған жағдайда, кеден органы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды және оны кеден органы тыйым салу туралы осындай шешім қабылдаған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы белгі қою арқылы немесе кеден органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушының ақпараттық жүйесі арасында өзара іс-қимыл боған кезде, осындай тыйым салу туралы хабарламаны электрондық нысанда жіберу арқылы – тасымалдаушының, ал ол болмаған кезде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығына ие тұлғаның назарына жеткізеді. 

4. Кеден органының тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салу туралы шешімін алғаннан кейін осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан дереу әкету мүмкін болмаған жағдайда, кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді. 

5. Кеден органының тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешімі алынған және оларды кеден органының тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешімі алынған күннен кейінгі күннен бастап есептелген бір жұмыс күні ішінде кету орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайтару жүзеге асырылмаған кезде, кеден органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді. 

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген, су, әуе немесе теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кеден органының осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртуі оларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процестерінде (графигінде) белгіленген уақыт ішінде кету орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайтару жүзеге асырылмаған кезде жүргізіледі.
Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться