Ст. 324 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
324-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы
1. Бажсыз сауда кедендік рәсімі шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде осындай тауарлар бажсыз сауда дүкендерінде болады және шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, бөлшек саудада өткізіледі. 2. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келетін жеке тұлғаларға;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекетке кететін жеке тұлғаларға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекетке келетін жеке тұлғаларға;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналына (жұмыскерлеріне, лауазымды адамдарына) өткізіледі.
3. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орындарда жұмыс істейтін бажсыз сауда дүкендерінде өткізіледі.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе және су көлігі түрлерімен тауарлар өткізілетін орындарда, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін өзге де орындарда және шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін ЕЭА аумағында жұмыс істейтін бажсыз сауда дүкендерінде өткізуге жол беріледі.
5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігі түрлерімен тауарлар өткізілетін орындарда жұмыс істейтін бажсыз сауда дүкендерінде өткізуге жол беріледі.
6. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган айқындаған бажсыз сауда дүкендерінде өткізіледі.
7. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаларға өткізілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін жоғалтады.
Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған, осы баптың 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға өткізілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.
Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған, осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өткізілген шетелдік тауарлар осындай өткізуден кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін иеленеді.
8. Бажсыз сауда кедендік рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымына тыйым салынған тауарларға қатысты қолданылмайды.
Комиссия оларға қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімі қолданылмайтын өзге де тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
9. Бажсыз сауда дүкендерінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылмай осы бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей