Ст. 350 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
350-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны
1. Дүниежүзілік пошта одағының және халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін актілерде көзделген құжаттар пайдаланылатын, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны чектерде, шоттарда, биркаларда және затбелгілерде немесе жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде оларға қатысты жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметті қамтитын осындай тауарларды сатып алу туралы өзге де құжаттарда көрсетілген құн негізінде жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделеді. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растау үшін жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын мәлімдеуге негіз болған құжаттардың түпнұсқаларын, ал тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты – құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшірмелерін ұсынады.
Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны Дүниежүзілік пошта одағының және мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін актілерде көзделген құжаттарда мәлімделеді. Бұл ретте жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны ретінде, егер ол Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнынан асып кеткен жағдайда ғана халықаралық пошта жөнелтілімінің жарияланған құндылығы қаралады.
Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына оларды тасымалдау мен сақтандыру бойынша шығындар қосылмайды.
2. Жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растауға ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің анықтығын дәлелдеуге құқылы.
Жеке тұлға ұқсас тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың прайс-парақтарын, каталогтарын, жарнамалық проспектілерін және буклеттерін қосымша ұсынуы мүмкін.
3. Кеден органы жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын ұқсас тауарлардың бағасы туралы өзінде бар ақпараттың негізінде мынадай:
1) жеке тұлғада осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәлімет қамтылған қажетті құжаттар болмаған;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметтердің болмауы және осындай тауарлармен бірге жүретін және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметтер қамтылған құжаттар болмаған;
3) олар туралы мәлімет жеке пайдалануға арналған декларацияланатын тауарлар мен жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растау үшін жеке тұлға ұсынған құжаттарда қамтылған жеке пайдалануға арналған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған;
4) егер жеке тұлға осы баптың 2-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығын дәлелдемесе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға ұсынған құжаттарда немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда анық емес мәліметтер бар екенін пайымдауға негізделген себептер болған;
5) ол бойынша осындай ұқсас тауарлар әдеттегі (нарықтық) сауда жағдайларында сатылатын немесе ұсынылатын сатып алу елінде ұқсас тауарлардың нарықтық құнының мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнымен сәйкес келмеген жағдайларда айқындайды.
4. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы ақпарат ретінде кеден органы жеке тұлға ұсынған мәліметтерді ескере отырып, ұқсас тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың каталогтары мен сайттарында көрсетілген мәліметтерді де пайдалана алады.
5. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін ұқсас тауар деп әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың сипаттамаларына жақын сипаттамалары бар, яғни өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық, техникалық және өзге де сипаттамалары бойынша жеке пайдалануға арналған декларацияланатын тауармен салыстыруға болатын тауар түсініледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей