Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 385 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
385-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы жалпы ережелер

1. Осы тарауда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың, оның ішінде пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларын және осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері айқындалады.  

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі және осындай тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 15 және 16-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) үшін осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын тасымалдауды (тасуды) қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға жатады. 

4. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар мен қалған бөліктер) алынған (пайда болған) шетелдік тауарлар, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) үшін осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда осындай шетелдік тауарларды тасымалдауды (тасуды) қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға жатады. 

Осы тармақтың ережелері халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде пайдаланылатын уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдарына қолданылмайды. 

5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға мыналар жатпайды: 

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында тиісінше әуе кемесінің қонуын не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің порттарына су кемесінің кіруін жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар (бұдан әрі осы тарауда – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуын не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруін жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар); 

2) көліктің кез келген түрімен тасымалданатын (тасылатын), кету орнына жеткізу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдауға (тасуға) жататын, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары; 

3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің айрықша юрисдикциясы болатын, құрылыс салу (құру, тұрғызу), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағының шегінен тыс жерде орналасқан жасанды аралдарда, қондырғыларда, құрылыстарда жұмыс істеуді (пайдалануды, қолдануды) және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары (бұдан әрі осы тарауда – объектілер); 

4) бұрын объектілерге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінен әкелінген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары, сондай-ақ көмірсутек шикізатын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құрлықтық қайраңында орналасқан объектілерде өндірілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдері. 

6. Құрылыс салу (құру, тұрғызу), объектілерде жұмыс істеуді (пайдалануды, қолдануды) және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жеке тұлғаларды және тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен объектілер арасында тасымалдауды жүзеге асыратын әуе және су кемелерін қалыпты пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құрлықтық қайраңын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің егеменді құқықтары және айрықша юрисдикциясы болатын аумаққа тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайды.  

7. Осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуын не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруін жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын және шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шарттарын реттейтін осы тараудың ережелері қолданылады. 

8. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет туындамайды. 

9. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.
Статья 1 ...383 384 385 386 387 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться