Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 437 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
437-бап. Электрондық кедендік алып жүру

Спутниктік навигацияның техникалық құралдарын қолдана отырып, жанама түрде көзге көрінетіндей алып жүруді пайдалану арқылы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын, тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдайтын көлік құралдарын алып жүру электрондық кедендік алып жүру болып табылады. 

Электрондық кедендік алып жүру тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалатын жағдайларда жүзеге асырылады.  

2. Электрондық кедендік алып жүру: 

1) Қазақстан Республикасының аумағына келу орнындағы кеден органынан Қазақстан Республикасының аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін; 

2) Қазақстан Республикасының аумағына келу орнындағы кеден органынан Қазақстан Республикасының аумағындағы ішкі кеден органына дейін; 

3) Қазақстан Республикасының аумағындағы ішкі кеден органынан Қазақстан Республикасының аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін; 

4) Қазақстан Республикасының аумағындағы бір ішкі кеден органынан екінші кеден органына дейін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес өткізілетін шетелдік тауарларға қатысты қолданылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Электрондық кедендік алып жүруді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасына сәйкес айқындайтын халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы байланыс арналары бойынша сигнал беру арқылы көлік құралының орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің техникалық жабдығы орнатылған көлік құралын қадағалау, оның жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады. 

4. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы осы Кодекстің 233-бабына сәйкес айқындалады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Кеден органы электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы декларантты, тасымалдаушыны және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын осындай шешім қабылдағаны туралы хабардар етеді және осындай шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей электрондық кедендік алып жүруді ұйымдастырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 437-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

49-тарау. КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ПАЙДАЛАНАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Статья 1 ...435 436 437 438 439 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться