Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 465 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
465-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар

Осы тараудың мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады: 

1) кедендік сараптама – кедендік сарапшылар (сарапшылар)кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізетін зерттеулер мен сынақтар; 

2) кедендік сарапшы – кедендік сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген және қажетті арнайы және (немесе) ғылыми білімдері бар кеден органының лауазымды адамы; 

3) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы – жүргізілген зерттеулердің және (немесе) сынақтардың нәтижелерін және қойылған сұрақтарға жауаптар түріндегі кедендік сараптаманың түйіндерін қамтитын кедендік құжат; 

4) сынама – іріктеп алынуы белгіленген тәртіппен жүргізілетін, ұсынылатын және зерттелетін тауардың бүкіл көлемінің құрамы мен қасиетін сипаттайтын тауардың бір бөлігі; 

5) уәкілетті кеден органы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген мамандандырылған мемлекеттік мекеме (оның аумақтық бөлімшелері); 

6) үлгі – тауардың бүкіл партиясының құрылымына, құрамына және қасиеттеріне сәйкес келетін тауар бірлігі не одан әрі зерттеу мақсатында іріктеп алынуы белгіленген тәртіппен тіркелетін жалғыз дара объект (тауар – тауар партиясы болмаған кезде).
Статья 1 ...463 464 465 466 467 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Племянник угнал машину. Прав не имеет. Я на ней езжу по страховке. Собственник другой человек. Племяннику штраф выписали. Но так же выписали за передачу руля. Кому он придёт? Тому, кто в техпаспорте или тому, кто в страховке? Как избежать такого штрафа, если машину взяли без моего ведома?


2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться