Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 485 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
485-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдері

1. Кеден органдары осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерін жүргізеді. 

Кеден органының заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізуі туралы, оларға енгізілген заңды тұлғаларды бұл тізілімдерден алып тастау туралы, тізілімге енгізілген кезде заңды тұлға мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тоқтата тұру, қайта бастау туралы ақпарат тиісті шешім күшіне енген күні уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 

2. Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары жүргізетін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдері негізінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жалпы тізілімдерін қалыптастырады және оларды айына бір реттен сиретпей Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді.  

Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жалпы тізілімдерінің нысандарын, оларды қалыптастыру және жүргізу тәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары жүргізетін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерінде қамтылатын деректерді ұсынудың техникалық шарттарын Комиссия айқындайды.  

3. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қоспағанда, заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 485-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...483 484 485 486 487 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться