Ст. 496 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
496-бап. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары
1. Кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады: 1) кеден органына өтініш берілген күнге кемінде екі жыл бойы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын мұндай қамтамасыз ету енгізілген күнге валюта бағамын қолдана отырып, екі жүз мың еуроға баламалы мөлшерде, ал егер Комиссия қамтамасыз етудің өзге мөлшерін айқындаса, Комиссия айқындаған мөлшерде қамтамасыз ету;
3) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттың болуын талап етсе, мұндай қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсаттың болуы;
4) тауарларды тасымалдауға пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жарамды көлік құралдарының меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы;
5) кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
6) кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530,533, 534, 549, 550, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
7) көлік құралында кеден органына байланыс арналары бойынша сигнал беру арқылы осы көлік құралының тұрған жерін айқындауға мүмкіндік беретін деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралының немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысының болуы.
Осы тармақшаның талабы тіркемелерге, жартылай тіркемелерге, вагондарға, контейнерлерге және өздігінен жүзбейтін кемелерге қолданылмайды.
Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды;
8) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
9) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.
2. Комиссия кеден іс саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделгеннен өзге мөлшерін айқындауға құқылы.
Ескерту. 496-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей