Ст. 51 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
51-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту немесе оның қолданысын тоқтату
1. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту: 1) уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы, кеден органдары орындауға міндетті шешімін уәкілетті орган қабылдаған;
2) уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау жөнінде шешім қабылдаған кезде немесе өтініш иесі құжаттар дайындаған кезде жіберілген қателер, қате басулар анықталған;
3) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы өзгертілген;
4) шартқа (келісімшартқа) өзгерістер енгізілген жағдайларда жүргізіледі.
2. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту туралы шешім, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту туралы шешімде көрсетілген мерзімде күшіне енеді.
Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімі ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту туралы шешім қабылдайды және ол уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімімен бір мезгілде күшіне енеді.
3. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім, егер:
1) уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы өтініш иесінің құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау үшін анық емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын құжаттар, қолдан жасалған құжаттар не анық емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаған;
2) тауарларға арналған декларация Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген мерзімдерде берілмеген;
3) өтініш иесі тауар беруден, оның ішінде тауардың шығарылған құрауыштары болған кезде де жазбаша түрде не электрондық нысанда бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.
Егер тауардың шығарылған құрауыштары сыныптаудың негізгі қағидаларына орай құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімде көрсетілген жасалып біткен немесе жасақталған тауардың сыныптау кодына жататын болса, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданбайды.
Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 64-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 52-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысы тоқтатылған кезде тауарды сыныптау Ғылым және технологиялық саясат туралы 11-бап. Ғылыми ұйымдар Халықтың көшi-қоны туралы 29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 3-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен мақсатыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей