Ст. 521 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
521-бап. Еркін қойма иесінің міндеттері
1. Еркін қойманың иесі: 1) осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында белгіленген, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға, оның ішінде еркін қойманың осы Кодекстің 516-бабының 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;
3) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
4) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып осындай тауарлар және олармен жасалған операциялар туралы, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы есептілікті ұсынуға;
5) еркін қойманың жұмыскерлері болып табылмайтын немесе еркін қоймадағы тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз еркін қоймаға жібермеуге;
6) еркін қоймадағы тауарларға кеден органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
7) осы Кодекстің 297-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
8) өзін еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
2. Еркін қойманың алаңы өзгерген кезде еркін қойма иесі мұндай өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық кеден органына мұндай өзгерістер туралы тиісті құжаттарды ұсына отырып, жазбаша нысанда өтініш жібереді.
Аумақтық кеден органы мұндай өтінішті аумақтық кеден органына келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Еркін қойманың алаңын өзгерту туралы өтінішті қарау кезіндеаумақтық кеден органы еркін қойма иесінің осы Кодекстің 517-бабында көзделген шарттарға сай келуін тексереді, сондай-ақ осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеруді осы Кодекстің 518-бабының 3-тармағында көзделген құжаттарды осындай қарап-тексеру барысында талап етіп алдыра отырып жүргізеді.
62-тарау. БАЖСЫЗ САУДА ДҮКЕНІНІҢ ИЕСІ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
hello, i need to
Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?
ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей