Ст. 54 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
54-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту
1. Уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін өтініш иесі берген, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтініш болған кезде, көрсетілген шешімнің қолданыс мерзімін тауардың барлық құрауыштары толық берілетін кезеңге, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады. Бұл ретте құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімі тоқтатыла тұрады және құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап қайта жаңартылады.
2. Өтініш иесі уәкілетті органға немесе аумақтық кеден органына берілген құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішінде мына мәліметтерді:
1) өзіне сәйкес тауардың жекелеген құрауыштарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша кедендік декларациялау жүзеге асырылатын құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің нөмірі мен қабылданған күнін;
2) өзіне сәйкес тауардың жекелеген құрауыштарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша кедендік декларациялау жүзеге асырылатын шарттың (келісімшарттың) деректемелерін;
3) құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімі кезеңінде өзіне байланысты тауардың барлық жекелеген құрауыштарын кедендік декларациялауды аяқтау мүмкін болмаған себептерді;
4) тауардың жекелеген құрауыштарын кедендік декларациялауды жүзеге асыратын кеден органының атауын;
5) тауар құрауыштарының соңғы партиясын әкелу аяқталатын мерзімді көрсетуге тиіс.
3. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтінішке тауардың әкелінген құрауыштарын шығару үшін ұсынылған, тауарларға ресімделген декларациялардың көшірмесі қоса беріледі.
4. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтініш уәкілетті органда немесе аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
5. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы шешім екі данада ресімделеді.
Бірінші данасы өтініш иесіне жіберіледі. Екінші данасы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиямен берілетін, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органына жіберіледі.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРІ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей