Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 43 Техникалық реттеу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 396-VI


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Техникалық реттеу туралы
43-бап. Техникалық реттеу саласында өнім үлгілерін іріктеп алу

1. Өнім үлгілерін іріктеп алу уәкілетті орган айқындайтын және бекітетін, техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесіне енгізілген өнімге қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 149-бабына сәйкес жүргізіледі. 

2. Мұндай іріктеп алуға мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау мен қадағалау және (немесе) жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша анықталған, өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру кезінде техникалық регламенттер талаптарын бұзушылықтарды талдау және (немесе) техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген, айналысқа шығарылған өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың немесе техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімінде осындай құжаттар туралы мәліметтердің болмауы негіз болып табылады. 

3. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеп алуды Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес таңдап алынған зертханаларда оларды сынақтан өткізу мақсатында жүргізеді. Іріктеліп алынған үлгілердің санын уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары нормативтік құқықтық актілердің, өнімге және өнімді сынақтан өткізу әдістеріне арналған ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып айқындайды. Өнім үлгілерін іріктеп алуды бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің қатысуымен жүргізіледі және өнімді алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады. 

4. Өнім үлгілерін іріктеп алу: 

өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақтар (талдаулар, өлшемдер) жүргізуге арналған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып; 

өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақтар (талдаулар, өлшемдер) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін тұлғалардың есебіне жатқыза отырып жүзеге асырылады. 

Өнімге сынақтар жүргізу үшін техникалық жағынан күрделі тауардың (бұйымның) үлгілерін іріктеп алу, егер осы техникалық жағынан күрделі тауарды (бұйымды) сынау әдістері ол үшін бұзушы әдістер болып табылмаса, бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің қатысуымен сатып алусыз жүргізілуі мүмкін. 

5. Егер анықталған бұзушылық жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін болса, осы Заңның 44-бабына сәйкес жедел ден қоюдың құқық шектеу шаралары қолданыла отырып, өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік қадағалау жүзеге асырылады. 

Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться