Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы


Утратил силу

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
19-бап. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы

1. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы өз қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы:

1) аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

2) шет елдерде өз өкiлдiктерiн құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

3) шетелдiк әрiптестiк ұйымдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес, аралас сауда-өнеркәсiп палаталарын, iскерлiк кеңестер құрады;

4) өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғайды және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарында, соттарда және өзге де ұйымдарда олардың мүдделерiн бiлдiредi;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгiзедi;

6) қаржы-экономикалық жағдайы кәсiпкерлiк қызмет үшiн әрiптестер ретiнде өздерiнiң сенiмдiлiк деңгейiн айқындауға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлерi мен заңды тұлғаларының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аталған тұлғалардың келiсiмi бойынша жасалатын тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

7) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмiлелерi мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерiлмейтiн күштiң мән-жайын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт салт-дәстүрлерiн куәландырады;

8) экономикалық дауларды шешу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы жанынан аралық сот құрады;

9) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкiлерiнiң техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен бланкiлер нысандарына сәйкес дайындалуын жүзеге асырады;

10) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкiлерiн беру, сақтау және пайдалану тәртiбiн айқындайды және аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкiлерiн беруiн, сақтауын және пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;

11) жылына бiр рет техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органға тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды куәландыруға уәкiлеттi тұлғалардың мөрлерi бедерлерiнiң, қолдарының үлгiлерiн, сондай-ақ аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының мекенжайларын жiбередi;

12) Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелердiң, өткiзiлетiн ұлттық және өңiрлiк көрмелердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын шет елдердегi халықаралық көрмелердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және оның жарғылық қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ақпарат бередi.

 Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.11. N 184-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...18‑1 18‑2 19 20 21 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день. По состоянию здоровья не могу оплатить микрокредит. Но платить не отказываюсь. Жду официального графика. Каждый день пугают операторы этой организации по статье 272ГК РК и 718ГК РК. А так же разглошают мою личную информацию тем или иным контактным или не окнтактным лицам. Подскажите что сдеать.


Хочу знать в коктереке есть лекарь китаец вост.медицины



Здравствуйте.Соседи установили дверь в тамбур и изнутри ее закрывают,не могу попасть к себе домой.Подала в суд,медиацией дали им 14 дней на демонтаж её,приписав ст 278 ГПК РК. Если они через год поставят новую дверь,смогу ли снова подать в суд по этому поводу? Эта статья только конкретно по этому заявлению или же вообще по этому поводу? Спасибо


Добрый день Толеген Жангельдинович могу ли получить вашу консультацию?В квартире на первом этаже сделан офис бух услуги работаем удаленно соседка с 4 этажа не даёт работать пишет во все инстанции требуя вывести отдельный вход подала в суд


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться