Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 23 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.11.2019


Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
23-бап. Кеме экипажының ең аз құрамы

1. Әрбiр кеменiң бортында экипаж болуға, оның құрамы кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшiн кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. 

2. Кеменiң типi мен арналған мақсатына, сондай-ақ оның жүзу ауданы мен жүрген жерiне қарай экипаждың ең аз құрамын уәкілетті орган белгiлейдi. 

3. Кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн экипаждың ең аз құрамы туралы куәлiктi кеменi мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылған теңiз портының капитаны бередi. 

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
24-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар  

1. Кәсіби дипломдары, кәсіби дипломдардың растамалары, теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері, медициналық қорытындылары бар адамдар кеме экипажы мүшелерiнiң лауазымдарын атқаруға жiберiледi. 

Кеме экипажының мүшелері жеңілдік рұқсатының негізінде сол лауазым бойынша тиісті кәсіби дипломы жоқ лауазымды атқаруға алты айдан аспайтын мерзімге жіберіледі. 

2. Кәсіби дипломдарды, кәсіби дипломдардың растамаларын, жеңілдік рұқсаттарын порттың теңіз әкімшілігі береді. 

3. Теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерін теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары береді. 

4. Кәсіби дипломдардың растамалары кәсіби дипломдардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күшін жояды. 

Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.01.2015 № 276-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
25-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң азаматтығы  

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кiруі мүмкiн.  

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігінің қолданылуы ҚР 2010.12.28 № 369-IV Заңына сәйкес 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады.

Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi және аға механик қызметін атқара алмайды. 

2. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме экипажы құрамына кiре алатын жағдайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.  

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
26-бап. Кемедегi еңбек қатынастары  

Кеме экипажының мүшелерімен еңбек шартын жасасу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек және ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олармен еңбек шартын тоқтатудың тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және осы Заңмен айқындалады.  

Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. № 253 Заңымен.
27-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралуы  

1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде еңбек мiндеттерiн атқарушы кеме экипажы мүшелерiнiң: 

1) еңбек шартының қолданылу мерзiмi бiткен; 

2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кеме иесiнiң немесе кеме экипажы мүшесiнiң бастамасымен еңбек шарты бұзылған; 

3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен кеме капитаны қызметтiк міндеттерiн атқарудан шеттеткен; 

4) кеме апатқа ұшыраған; 

5) кемеден тыс емдеудi талап ететiн аурумен ауырған; 

6) кеме иесiнiң банкроттық, кеменi сату немесе мемлекеттiң кеменi тiркеудi өзгертуi салдарынан өзiнiң кеме экипажының мүшелерiне қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен еңбек шарттарында көзделген мiндеттерiн орындауы мүмкiн болмаған; 

7) экипаж мүшелерiнiң келiсiмiнсiз кеме соғыс қимылдары аймағына немесе эпидемиологиялық қауiптi аймаққа жiберiлген жағдайда отанына оралуға құқығы бар. 

2. Кеме экипажы мүшесiнiң тiлегi бойынша: 

1) өзi тұратын мемлекетке; 

2) өзi кемеге жұмысқа алынған портқа; 

3) еңбек шартын жасау кезiнде көрсетiлген басқа пунктке қайтып оралуы жүзеге асырылады. 

3. Кеме иесi отанына оралтуды тиiсiнше әрi тез ұйымдастыруға мiндеттi. Отанына оралу әуе көлiгiмен, ал ол болмаған кезде немесе тараптардың келiсiмi бойынша, көлiктiң өзге де түрлерiмен жүзеге асырылады. 

4. Отанына оралу шығындарын кеме иесi көтередi. 

Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралу шығындары: 

1) оралу орнына дейiнгi жолақы құнын; 

2) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, экипаж мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi тамағы мен тұрағының құнын; 

3) егер қажет болса, экипаж мүшесi денсаулық жағдайы бойынша отанына оралу орнына баруға жарамды болғанға дейiнгi экипаж мүшесiнiң емделу құнын; 

4) отанына оралу орнына дейiн отыз килограмм багаж алып жүруді; 

5) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, кеме экипажының мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi еңбек шарты бойынша төлемдi қамтиды. 

5. Экипаж мүшесiнiң отанына оралуын туғызған себептер оның еңбек мiндеттерiн орындау кезiндегi өз кiнәсiнен туындаған жағдайда не кеме экипажы мүшесiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған жағдайда оның отанына оралуына жұмсалған шығындарды кеме иесiнiң өтеткiзiп алуға құқығы бар.
Задать вопрос в комментариях 
Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...248

Перейти к статье


Лучшие юристы

Арман
Nargiz
Гость 2
Жанат
Закир Акберов

Все юристы

Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, мне 15 лет и я абсолютно не имею мотивации и желания учиться в школе, но не хочу, чтобы штрафовали родителей. Как быть в такой ситауции?

127 кодекс


Здравствуйте! Вопрос по налогу: какова ставка процента от продажи квартиры в РК для резидента, проживающего в другой стране и имеющему там вид на жительство? Изменится ли налог с той же сделки, если человек станет нерезидентом РК и насколько?


добрый вечер! работал в кск в качестве дворника два месяца, потом я уволился с работы по собственному желанию за один месяц заплатили а второй месяц уже два месаца не платят говорят что нет денег в кассе как мне быть куда жаловаться спасибо за ответ заранее


Здравствуйте. Подскажите пожалуйста меня вызывают в качестве свидетеля для участия в допросе по уголовному делу,данный исполнительный орган находится на расстоянии более 100км от моего места проживания. Правомерно действие и кто возместить расходы потраченных за проезд и проживание?


добрый день. у нас ситуация следующая: в 2016 году я купил частный дом. дом находится на одном участке ЛПХ, то есть название улицы к примеры Космическая 55, а мой дом находится по адресу космическая 55/11 и таких адресов около 120. данный участок, около 12 гектар, был в собственности у одного человека и был продан разным людям. Теперь после приобретения нам начал приходить какой то председатель и требовать деньги, в самом начале мы оплачивали, однако по истечении времени наши счета росли и по непонятным нам причинам долги увеличивались. в этой связи мы перестали платить вовсе, стали требовать квитанции, отчеты и любые документы, но как сами понимаете никаких документов нам так и не предоставили. Более того хотели бы передать коммуникации в город, но этот предедатель ставит разные препоны и всякими способами мешает нам в переходе в город. На данный мы хотим сместить этого наглого самозванца, помогите пожалуйста как это сделать юридически грамотно и как привлечь его к любой ответственности, на основании чего? распишите пожалуйста наши действия последовательно помогите нам. огромное спасибо за ранее.



Последние комментарии







Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться