Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 28 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
28-бап. Кеме иесiнiң мiндеттерi

1. Кеме иесi экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды: 

1) қауiпсiз еңбек жағдайларымен; 

2) денсаулығын сақтаумен және медициналық көмекпен; 

3) құтқару құралдарының болуымен; 

4) азық-түлiкпен және сумен iркiлiссiз жабдықтаумен; 

5) демалу, тамақтану, емделу, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетілуi үшiн санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетiн орындармен қамтамасыз етуге мiндеттi. 

2. Кеме иесі кеме экипажының мүшелері еңбек (қызметтiк) міндеттерiн орындаған кезде оларды Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. 

3. Кеме ұшыраған оқиғаның салдарынан экипаж мүшесiнiң мүлкi жойылған немесе зақымданған жағдайда кеме иесi экипаж мүшесiне келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi. Кеме ұшыраған оқиғаға кiнәлi экипаж мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген залал өтелуге жатпайды. 

4. Кеме иесі өзінің кемесімен болған авариялық жағдай туралы хабарлама алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы теңіз порты капитанына хабарлауға, сондай-ақ өзінің кемесімен болған авариялық жағдайды тергеу кезінде жәрдем көрсетуге міндетті. 

5. Кеме иесі: 

1) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың жасақталуын; 

2) кеме экипажының әрбір мүшесінде оның біліктілігін растайтын құжаттардың болуын; 

3) кеме экипажы мүшелерінің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуін; 

4) құжаттаманың, оның ішінде медициналық қорытындылардың, кеме экипажы мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесін растайтын құжаттардың капитан каютасында немесе қозғалыс бөлмесінде сақталуын; 

5) кеме экипажы мүшелерінің өз құқықтарымен және міндеттерімен, кеменің сипаттамаларымен және құрылғыларымен таныс болуын; 

6) авария жағдайында кеме экипажының іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етуге міндетті. 

6. Кеме иесі шет мемлекеттің портында кемесінің ұсталғандығы туралы өзіне мәлім болған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы порттың теңіз әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне жазбаша хабарлауға міндетті. 

Хабарда:  

1) кемені сәйкестендіретін деректер (кеменің атауы, порт немесе оның тіркелген орны, кеменің тіркеу нөмірі, типі және сыныбы, тоннажы); 

2) кеменің меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе атауы;  

3) жүктің түрі мен мөлшері; 

4) ұсталған уақыты, күні мен мән-жайы; 

5) ұстау себебі, сондай-ақ кемені ұстауға байланысты өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс. 

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2015 № 276-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
28-1-бап. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) 

1. Білім беру ұйымдары және теңіз оқу-тренажер орталықтары теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды уәкілетті органның хабарламасынан кейін жүзеге асырады. Хабарламаға уәкілетті орган айқындаған уәкілетті ұйымның оң қорытындысы қоса беріледі. 

Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді. 

2. Білім беру ұйымдары теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) кезінде жүзу практикасын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 

Ескерту. 4-тарау 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 13.01.2015 № 276-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

5-тарау. КЕМЕ КАПИТАНЫ

Статья 1 ...26 27 28 28‑1 29 ...248

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться